01.06.2021 жылы Жалағаш аудандық ауруханасының хирургия бөліміне жедел түрде Мәжитова Салима 1965ж.т. науқас келіп түсті. Науқастың түскен кездегі диагнозы "Сол жақ иық сүйегі мойнының жабық сынығы, ығысумен, үлкен төмпешіктің жұлынуымен". Науқасқа жедел түрде облыстық медициналық орталықтың травматолог дәрігері Рахманұлы Нұрманның қатысуымен, хирургия бөлім меңгерушісі Мұрат Оспанов және хирургия бөлімшесінің травматолог дәрігері Жарқынбек Сыдықов ота жасады. Ота барысы электронды рентген аппараты бақылауымен жабық орнына келтіру, спица арқылы бекіту тәсілімен жасалды. Аталған ота қазіргі кезде дейін тек қана облыс көлемінде жасалып келген. Аудан дәрігерлерінің біліктіліктерін уақытылы арттыру нәтижесінде күрделі оталар енді аудан көлемінде жасалады. Ауруханамыздың дәрігерлеріне алдағы уақытта жұмыстарына тек сәттілік тілейміз! Науқастардан тек қана алғыс алуларына тілектеспіз!