Сайтымыздың құрметті қонақтары!

Біздің сайт беттерінен өздеріңізге қажетті мәліметтерді табасыздар деген үміттеміз.

Жыл санап еліміз өркендеп, ұсынылатын медициналық қызметтің сапасы мен саласы кеңеюде, заманауи диагностикалық және емдік құрал жабдықтар арқылы тұрғындарымыздың денсаулығы нығайтылуда. Денсаулықтарыңызды сақтаңыздар және сенімді болыңыздар!

Егер сіздерге арнайы мамандандырылған медициналық маманның көмегі қажет болса, біз әрқашан көмектесуге дайынбыз!

Жалағаш аудандық ауруханасының атқарып отырған қызметі тұрғындарға «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесі бойынша медициналық көмек көрсетіп денсаулық сапасын жақсартуға, Қазақстан Республикасының Үкіметінің , Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, денсаулық сақтау бойынша бұйрықтары мен қаулыларын орындауға, мемлекеттік тапсырысты орындау мен ақылы қызмет көрсетуге бағытталған. Жалағаш аудандық ауруханасының бас дәрігері: Мақсұтов Еркебұлан Мақсұтұлы.

Байланыс телефондары Дәрігерге алдын ала жазылу және Дәрігерді үйге шақырту 8(72431)21-6-67;

Сенім телефоны: 8(72431)21-6-44;

Қызылорда облыстық біріңғай медициналық СаІІ-ОРТАЛЫҒЫ тел: 8(7242) 40 00 01 және 1304 Алтел/Теле2арқылы тегін

СаІІ-орталығының міндеттері:

- Облыс тұрғындарына кез-келген медициналық анықтамалық және медициналық қызмет түрлері туралы сұрақтарына жауап беру;

- Жалпы медициналық көмектің сапасы жайында, арыз-шағымдар мен басқада медициналық өтініштерді тиісті мекемелерге телефон желісі арқылы жеткізу;

Пайдалы сілтемелер

Корпоративтік басқару білімнің жинақталған саласын білдіреді, ол орыс терминологиясына аударылғанда бірнеше пәндерді қамтиды: қаржы, құқықтану, есеп, салық және т.б.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесі туралы ережені, Қадағалау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы.