There is no translation available.

Аурухана ішкі аудит қызметі 2015 жылдың сәуір айында бас дәрігердің бұйрығымен құрылып, жұмыс жасайды, қазан айынан 29.03.2015ж  №173 бұйрыққа сәйкес пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі болып атауы өзгертілді.Ішкі аудит құрамында бас дәрігердің орынбасары лауазымында 1,0 штаттық бірлікпен 1 дәрігер,0,5 штаттық бірлікте эксперт-дәрігер, 2016 жылдың тамыз айынан бастап 1,0 штаттық бірлікпен 1 медбике қызмет атқарады. Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметінің барлық құжаттары мекеме номенклатурасына сәйкес реттеліп, әр жыл сайын жаңартылып, бас дәрігермен бекітіледі. Қызмет жұмысы «Медициналық көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 173 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 568 бұйрығына сәйкес құрылған. Аурухананың ішкі аудит кеңесі басшысы емдеу-алдын алу кеңесі, денсаулық сақтау субъектісі қызметінің нәтижелерін бағалау бойынша тұрақты жұмыс істейтін кеңесі,өлім-жітімді талдау кеңесі, инфекциялық бақылау кеңесі, этикалық кеңес басшылықтарына,МӘМС жүйесіне жауапты бестік құрамына енгізіліп, мекеменің жауапты жұмыстарына етене араласып, аудан тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыруды негізгі бағыт ретінде ұстанады.  Мекемедегі жұмыс процесін анықтайтын үдеріс индикаторларының мәліметтері «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде іс-шаралар кешенін көрсетуге қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 429 бұйрығына сәйкес ай сайын «ДКПН» ақпараттық  бағдарламаға 8индикатордың 56 субиндикаторларының айлық қорытынды  мәліметтерімен 21 аймақ бойынша жеке-жеке тексеріліп, нақтыланып, әр айдың 15-не дейін бекітіледі. Нәтижелері аталған бұйрықтың №5 қосымшасына сәйкес бас дәрігердің қолы мен мөрі қойылып, ДКПН кеңесіне беріліп отырады.Сонымен қатар,стационар және стационарды алмастыратын көмек көрсететін бөлімшелерден шығарылған медициналық карталарды КМАЖ-сінен  толық сараптамадан өткізіп, статистика бөліміне жіберіп отырады.

Ішкі аудит бөліміне 2020 жылдың 12 айында тіркелген арыз-шағымдар мен жүгінулердің жалпы саны- 7, (2019ж. IV тоқсан -28), оның ішінде-6 жазбаша (2019ж. IV тоқсан -28),ауызша-1 (2019ж. IV тоқсан -0). Негізді деп танылған арыз тіркелмеген (2019ж-0), ішінара негізді-2 (2019. IV тоқсан -7).

CALL  орталыққа 2020 жылдың 12 айында 14 жүгіну (ауызша-14), (2019ж IV тоқсан – 16), «Сенім телефонына» түскен жүгінулер – 28, (2019ж. – 53), сенім жәшігіне түскен шағым – 0, алғыс айту - 1, (2019 ж – 0 шағым, алғыс айту-0). Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне  2020 ж – 0 (2019 ж –1), ДСМ – 1өтініш, ОДСБ – 3 (2арыз, 1 өтініш), Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне – 1(2019ж-0).  Президент әкімшілігіне - 0, аудан әкіміне - 0 (2019 ж –1), облыс әкіміне - 1, Нұр Отан – 0 (2019 ж –1) тіркелген. Жүгінулердің құрылымы бойынша: медициналық көмектің сапасына 2020 жылдың IV тоқсанында – 4 шағым (2019 ж –8)тіркелген. 

Барлық өтініш өз мерзімінде орындалып, шешімін тапты.

Корпоративтік басқару білімнің жинақталған саласын білдіреді, ол орыс терминологиясына аударылғанда бірнеше пәндерді қамтиды: қаржы, құқықтану, есеп, салық және т.б.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесі туралы ережені, Қадағалау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы.