There is no translation available.
Карипова Лаззат Сериковна
1975 жылы 17 қыркүйекте Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Бұхарбай батыр ауылында дүниеге келген. 1982 жылы №33 мектеп табалдырығын аттап, 1990 жылы 9 сыныптан кейін Қызылорда медициналық колледжінің «Мейірбике ісі» мамандығына оқуға түсіп, 1993 жылы бітіріп шығады. 1993-1999 жыл аралығында С.Д.Асфендияров атындағы «Қазақ Мемлекеттік медицина Университетіне «Емдеу ісі» факультетін бітіріп шығады. 2000-2001 жылы осы аталған оқу орнында интернатурадан өтеді. 2001 жылы тамыз айынан бастап «Алтын ұя» емханасының аймақтық дәрігері, 2001-2002 жыл аралығында аудандық аурухана терапия, реанимация бөлімінің дәрігері қызметін атқарған.
- 2002-2006 жыл аралығында Терапия бөлім меңгерушісі
- 2006-2008 бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары
- 2006-2015 жж УДЗ дәрігері
- 2015-2018 Терапия бөлімі дәрігері
- 201-2022 жыл аралығы «Ақ-Сұңқар» бас дәрігері
- 2023 жылдан бастап Жалағаш ауданды аурухана бас дәрігердің пациенттерді қолдау және ішкі аудит орынбасары қызметін атқаруда. Отбасылы, 3 баланың анасы