There is no translation available.

 

БҰҰ-ның ұйғарымымен биылғы 1 наурыз Кемсітушілікке қарсы күрес күні болып белгіленді.Науқан тақырыбы «Әр адамның денсаулығын қорғау үшін, әр адамның құқығын қорғау қажет». Бұл науқанның мақсаты АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету, олардың  проблемаларына назар аудару, оларды  кемсітушілікке жол бермеу. Әр адамның құқығын қорғау - біздің ортақ міндетіміз. Кемсітушілікті тоқтатуда әркім өз рөлін атқара алады.

Егер әркімнің құқығы қорғалса, біз ЖИТС-ті тоқтата аламыз!

Әлем 2030 жылға қарай қоғамдық денсаулыққа қауіп төндіретін ЖИТС - ті тоқтату мақсатына жетуде үлкен жетістіктерге жетті. Бұл прогресс адам құқықтарын қорғаудағы жетістіктерге байланысты болды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигматизациялауға немесе кемсітуге болмайды.Осыған байланысты біз стигма мен кемсітушілікке әкелетін АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты теріс көзқарастарды үзілді-кесілді жоюымыз керек. Алғашқы кезде АИТВ жұқтырғандарға теріс көзқарастар болып,олардың құқықтары шектеліп,ортадан аластатылды. Алғашқы жылдары бұл ауру  соңғы сатысында анықталғандықтан, адамдар  арасында   қорқыныш пен үрей  орын алды.Себебі алғашқы жағдайлар нашақорлардан,жеңіл жүрісті әйелдерден анықталды,жұғу жолдары белгісіз болды,емі болмады, ауру тез тарап эпидемияға айналғандықтан қоғам АИТВ жұқтырған науқастарды аластауға көшкен болатын. Ауруға шалдыққан науқастарға қысым көрсетіліп,  олар қоғамнан аластатылды.  Соның салдарынан стигма,дискриминация пайда болды.

Стигма-көзқарас. Ол біреуге теріс ұғымдағы көзқарас,теріс пікір немесе ол туралы теріс пікірді қалыптастыру.
Дискриминация - көзқарас нәтижесінде  жүргізілетін іс – әрекет. Дискриминация кемсіту- қалыптасқан теріс пікірде қарым қатынас жасау және ол теріс пікірді  түрлі әрекетпен күшейтіп көрсету.  
Қазіргі таңда АИТВ инфекциясы ұзақ уақыт бойы өтетін  созылмалы аурулар қатарына жатады.  Қазақстанда АИТВ-ның алдын алу, тестілеу, емдеу және күтім көрсетуге бағытталған  ЮНЭЙДС 95-95-95 стратегиясы жүзеге асырылуда.

Стигма мен кемсітушіліктің барлық түрлерін тоқтату 2030 жылға қарай Тұрақты даму мақсаттары мен мақсаттарына қол жеткізудің кілті болып табылады. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс АИТВ жұқтырған адамдарды әлеуметтік және құқықтық қорғауға кепілдік береді.

Қазақстан өркениетті мемлекет, сондықтан ауруға байланысты кемсітушілкке жол бермейді. Стигма АИТВ-инфекциясының таралуына ықпал етеді және қоғамдағы кемсітушіліктің, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтарын бұзудың, негізгі топтардың өкілдері – есірткіні пайдаланатын адамдардың, ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлердің, секс-жұмыскерлердің, трансгендерлердің құқықтарын бұзудың негізгі себебі болып табылады.

Стигманың салдарынан адамдар сынақтан қорқады, ем іздейді, қарым-қатынаста өзін шектейді, өмірге жоспар құруды тоқтатады. Адамдардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңдардың күшін жою және әр адамның құқығын қорғайтын заңдар қабылдау қажет. ЖИТС-ті жеңуге әкелетін жол – адам құқықтарын қамтамасыз ету жолы.

             Жалағаш аудандық ПСК кабинет дәрігері      Бекниязова.А

Корпоративтік басқару білімнің жинақталған саласын білдіреді, ол орыс терминологиясына аударылғанда бірнеше пәндерді қамтиды: қаржы, құқықтану, есеп, салық және т.б.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесі туралы ережені, Қадағалау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы.