There is no translation available.

 

Әдетте күз айларында суық тиюден асқынатын түрлі вирусты инфекциялар «бас көтереді». Тұмау – жұқпалы респираторлық ауру.

Ол әдетте адамнан адамға күнделікті тұрмыстық қарым-қатынастан бөлек, ауа арқылы да таралып, жұғатыны белгілі. Ауру жедел түрде басталып, белгі береді: бірнеше сағат ішінде дене қызуы 39-40 ºС-қа дейін көтеріледі, бас айналу, әлсіздік, буындар мен бұлшық ет ауырсынуы пайда болады. Кейде бірнеше күнге дейін белгі бермеуі де мүмкін, әйткенмен бұл инфекциялар, әсіресе тұмау орталық жүйке жүйесін, жүрек-қан тамырларын зақымдап, өкпенің қабынуына (пневмония) ұласып кетуімен өте қауіпті, оның соңы тіпті қайғылы жағдайларға да соқтыруы мүмкін. Сонымен бірге, құлақтың инфекциясы немесе бактериялық пневмония сияқты асқынуларға әкелуі мүмкін. Демікпе, қант диабеті, қатерлі ісік және басқа созылмалы аурулары бар науқастардың жағдайын нашарлатады.

Тұмау белгілері қандай?

дене қызуының көтерілуі;

жалпы әлсіздік;

жөтел;

бас ауыруы;

бұлшықет пен буын ауыруы;

мұрыннан су ағу;

тамақ ауруы және басқа да симптомдар.

 Тұмау не үшін қауіпті?

Тұмау ауыр жағдайға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Әсіресе, егде адамдар, кішкентай балалар мен жүкті әйелдер, диабет, жүрек ауруы немесе өкпенің созылмалы обструктивті ауруы секілді созылмалы аурулары бар науқастар үшін қауіпті. Жыл сайын 65 жастан асқан шамамен 60 мың адам тұмаудан қайтыс болады. Көп елде вакцинамен қамту төмен деңгейде, сол себепті жыл сайын қысқы маусымда, өкінішке қарай, қатер тобындағылар тұмаудан көз жұмады.

Тұмаудың алдын-алу

Тұмау-бұл жіті жұқпалық ауру Аурудың қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Адамның тыныс жолдары қысқа, шырышты қабыршықтары жұқа, қорғаныш қабілеті төмен болғандықтан тыныс алу жолдарының қабынуы арқылы жүретін адамзат арасында ең көп тараған ауру. Ауру тез таралуымен, яғни тұмаудың асқынуы өкпе қабынуына әкеліп соғады.

Жедел респираторлы-вирустық инфекция (ЖРВИ) – респираторлы-вирустық тобын, оның ішінде аденожұқпасы, вирустар, парагриппа, респираторлық-синцитиальдық вирус (РС-вирус), коронавирус, риновирустарды шақырушы жұқпалық ауру.

Егер ауырып қалсақ, біз не істеуіміз керек?

— Дәрігермен кеңесу. Егер сырқаттың жағдайы ауыр болса немесе созылмалы сырқаты болса:ишемиялық жүрек сырқаты, гипертония т.б. болған жағдайда ауруханаға жатқызылуы мүмкін. Тұмаумен аурып жүрген кезде емханаға дәрігер қабылдауына келмеу керек, дәрігерді үйге шақырту қажет;

— Егер сырқат үйде емделсе, отбасының мүшелерін ауруды жұқтырып алмауға байланысты шаралар қолдануы керектігін ескерту. Егер мүмкіндік болса, дезинфекциялау құралдарын:хлоамин, шаруашылық сабынын қолданумен ылғалды жиыстырумен сырқатты жеке бөлмеге орналастыру. Бактерицидалық шам болса, оны қолдану. Бөлмеде жиыстыру жүргізгеннен кейін сырттағы ауа ауру тудыратын микроорганизмдер болмайтындықтан бөлмені желдетіп отыру;

— Үйде емделген жағдайда төсек тәртіптемесін қатаң сақтау, асқынудан сақтайды;

— Сырқат уыттануды төмендету үшін жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішуі қажет:шәй, жылы сүт, сусындар т.б.

— 38-38,50-ға қызу көтерілгенде қызу түсіретін дәрілер, ең жақсысы парацетамол. Бұл жалпы кеңес.

Дәрі-дәрмектермен емделу бойынша дәрігермен кеңесу керек.

Егер ауырып қалған болсаңыз, не істеуге болмайды?

— Антибиотиктарды қабылдауды бірден бастау орынсыз. Антибиотиктар вирустарға әсер етпейді, иммунитетті төмендетіп аллергия беруі мүмкін.

— Ішімдік сусындарымен, моншаға және басқа осындай емделу іс-шараларын жасау зиян.

— Вирустық жұқпаны емдеуде вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер қолданылады. Тұмауды емдеуге ремантадин, альгирем, занамивир және басқалар. Вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер тобында интерферон дәрі-дәрмектері кеңінен қолданылады. Тәжірибеде табиғи адам интерферондарын пайдалануды, яғни бұлшықетке, тері астына және вена арқылы, мұрынға тамызуды тапты.

Тұмауға қарсы екпені кімдер салдыруы керек?

Тұмауға қарсы екпе иммунитетке тұмау вирустарынан қорғануға көмектеседі және тұмаудың ауыр ағымымы, одан өліп кетуден қорғайды. Вакцbнаның тиімділігі әр жылы әрқалай, бұл – вирус түріне және олардың вакцина компоненттерімен сәйкестілігіне, оны алған адамның денсаулығы мен жасына байланысты. Вакцина 18-64 жас аралығындағы сау адамдардың шамамен 60%-ының тұмау жұқтыруының алдын алады.

Жыл сайын жасы 6 айдан асқан адамның бәрі, әсіресе, қатер топтарындағы адамдар тұмауға қарсы екпе алуы керек. Екпені күн салқындамай тұрып салдырған жөн.

Тұмау вирусына қарсы иммунитет қалыптасуы үшін вакциналаудан кейін кем дегенде 2 апта уақыт қажет. 

Тұмауға қарсы екпені жыл сайын осы уақытта салады. Вакцинаны эпидмаусым басталмас бұрын иммунитет қалыптастыру үшін енгізу керек. Жалағаш аудандық ауруханасына 3555 доза тұмауға қарсы вакцина келді. Тәуекел тобына кіретін тұрғындар оны тегін ала алады. Тәуекел тобы дегеніміз: созылмалы ауруы бар балалар мен ересектер, медицина қызметкерлері, мектеп интернаты, балаларға, мүгедектерге салынады.

Тұмаудың алдын алу ережелері: эпидемиялық маусым басталғанға дейін тұмауға қарсы екпе алыңыз, адамдар көп жиналатын жерлерде және қоғамдық көліктерде болу уақытын қысқартыңыз, түшкіру немесе жөтелу сияқты ауру белгілері бар адамдармен тығыз байланыста болудан аулақ болыңыз, масканы қолданыңыз, қолыңызды үнемі сабынмен жуыңыз. Күні бүгін 2798 Жалағаштық  тұрғын тұмауға қарсы вакцинаны қабылдады. Уақытылы вакцинация еңбек ұжымында аурудың таралу қаупін және ауруға шалдыққан жұмыс күндерінің санын азайтуға мүмкіндік береді. Егу науқаны 15 қарашаға дейін жалғасатынын қаперлеріңізге береміз.

Дәрігер инфекционист Сасықбаева Фариза Амангелдіқызы

Корпоративтік басқару білімнің жинақталған саласын білдіреді, ол орыс терминологиясына аударылғанда бірнеше пәндерді қамтиды: қаржы, құқықтану, есеп, салық және т.б.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесі туралы ережені, Қадағалау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы.