There is no translation available.

16маусым 2021 жылы Жалағаш аудандық ауруханасында  бұрын соңды ауданымызда жасалмаған ота  жасалды. Ота - Холецистоэктомия кіші инвазивті тәсілмен эндовидеохирургиялық лапароскоп аппаратымен жасалуда. Отаға арнайы облыс орталығынан мамандар шақырылды. Атап айтқанда, жоғары категориялы алтын дәрігер хирург А.С.Шүленбаев, жоғары категориялы хирург Ә.Жалмағанбетов және сонымен қатар ауданымыздың хирург дәрігері Д.Сүйіндіковтың қатысуымен өт тас ауруымен ауыратын 4 науқасқа ота жасалуда. 

Аудан әкімі Асылбек Шаменов ауруханаға арнайы келіп, отаның сәтті өтуіне тілектестігін білдірді. Осы уақытқа дейін ауданда бұрын-соңды бұндай операцияларды жасауға мүмкіндік болмағанын, ота жасату үшін тұрғындар облыс орталығына, ірі қалаларға баратынын айтып, заманауи медициналық құралдармен жабдықталған өзіміздің аудандық ауруханада да енді осындай күрделі оталардың жасалатынын айтты.

Айта кету керек, аудандық аурухана өткен жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді. Аурухана жаңа типтік жобада салынып, барлық бөлімшелер жаңа аппараттармен жабдықталған.

Корпоративтік басқару білімнің жинақталған саласын білдіреді, ол орыс терминологиясына аударылғанда бірнеше пәндерді қамтиды: қаржы, құқықтану, есеп, салық және т.б.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесі туралы ережені, Қадағалау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы.