There is no translation available.

Жалағаш аудандық ауруханасының емшара бөлмесінде 12жасқа толған балалар және жүкті әйелдерге вакцинациялау жұмыстары жүргізілу басталды. Вакцина алуға келген тұрғын міндетті түрде дәрігердің тексеруінен өтеді және вакцинадан кейін сақтану жолдары толықтай түсіндіріледі.

Вакцинациялау үшін КОМИРНАТИ (PFIZER-BIONTECH) вакцинасы қолжетімді. Ата -аналар не білуі керек?

1. Жасөспірімдерді COVID 19-ға қарсы вакцинациялау ерікті және тек ата-аналардың келісімімен ғана жүргізіледі.

2. КОМИРНАТИ - МРНҚ-ға негізделген вакцина, оның құрамында тірі вирус жоқ.

Вакцина 21-28 күн аралығында 2 дозадан салынады.

3. COVID 19-бен ауырып жазылғандар вакцинаны сауыққаннан кейін 3 айдан соң салдыруға болады.

4. Жасәспірімдердің ата-аналары қалауы бойынша вакцинация жүргізілу кезінде қатыса алады.

View the embedded image gallery online at:
http://zhalcrb.kz/ru/news.html?start=40#sigProId9fd7443438

There is no translation available.

29.11.2021 жылы Жалағаш аудандық ауруханасының хирургия бөлімінің дәрігерлері және Облыстық көпбейінді ауруханасының хирург дәрігері Б.Қуанышбаевтың қатысуымен, хирургия бөліміне жоспарлы түскен 36 және

34 жастағы науқастарға "Лапароскопиялық холицистоэктомия" отасы жасалды. Аталған операция ауруханамызда осы жылдың маусым айынан бастап жасалынуда. Отадан кейін науқастардың жағдайы жақсы, ота сәтті өтті. Атап өту керек, бұрын соңды аталған ота тек облыс көлемінде жасалған.

View the embedded image gallery online at:
http://zhalcrb.kz/ru/news.html?start=40#sigProId1994b0c67f

There is no translation available.

Бүгін 01.10.2021жылы Жалағаш аудандық орталық ауруханасы мәжіліс залында "1-қазан Қарттар күніне" орай бас дәрігер Е.Мақсұтовтың қатысуымен медицина саласы ардегерлерін құттықтау іс-шарасы аталып өтті. Аталған іс-шараға 30 медицина саласының ардагерлері қатысып, бас дәрігердің алғысымен марапатталды. Сонымен қатар қыркүйек, қазан айында зейнеткерлікке шыққан мекеменің 5 қызметкері: Н.Алпысбаева, Б.Тампиева, К.Салықбаева, Г.Кусатаева, Р.Атахаева кәсіподақ ұйымы атынан сыйлықтармен марапатталып, зейнеткерлікке шығару рәсімі өтті. Іс-шарада бас дәрігер құттықтау сөз сөйлеп, концерттік бағдарламамен жалғасты.

View the embedded image gallery online at:
http://zhalcrb.kz/ru/news.html?start=40#sigProId3ca5ab2010

Корпоративтік басқару білімнің жинақталған саласын білдіреді, ол орыс терминологиясына аударылғанда бірнеше пәндерді қамтиды: қаржы, құқықтану, есеп, салық және т.б.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесі туралы ережені, Қадағалау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы.