01.06.2021 жылы Жалағаш аудандық ауруханасының хирургия бөліміне жедел түрде Мәжитова Салима 1965ж.т. науқас келіп түсті. Науқастың түскен кездегі диагнозы "Сол жақ иық сүйегі мойнының жабық сынығы, ығысумен, үлкен төмпешіктің жұлынуымен". Науқасқа жедел түрде облыстық медициналық орталықтың травматолог дәрігері Рахманұлы Нұрманның қатысуымен, хирургия бөлім меңгерушісі Мұрат Оспанов және хирургия бөлімшесінің травматолог дәрігері Жарқынбек Сыдықов ота жасады. Ота барысы электронды рентген аппараты бақылауымен жабық орнына келтіру, спица арқылы бекіту тәсілімен жасалды. Аталған ота қазіргі кезде дейін тек қана облыс көлемінде жасалып келген. Аудан дәрігерлерінің біліктіліктерін уақытылы арттыру нәтижесінде күрделі оталар енді аудан көлемінде жасалады. Ауруханамыздың дәрігерлеріне алдағы уақытта жұмыстарына тек сәттілік тілейміз! Науқастардан тек қана алғыс алуларына тілектеспіз!

 

 

 

02.06.2021 жылы Жалағаш аудандық ауруханасына Ербол Аяна Ғалымжанқызы 2015ж.т. жедел хирургия бөліміне түсті. Науқасқа жедел түрде бөлім меңгерушісі М.Оспанов пен травматолог дәрігері Ж.Сыдықовтың қатысуымен "Электронды рентген аппараты бақылауымен жабық орнына келтіру, спица арқылы бекіту отасы" жасалды. Ота жасалған науқастың түскен кездегі диагнозы: Сол жақ иық сүйегі айдаршығының жабық ығысқан сызығы. Науқастың қазіргі отадан жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ.

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының №121-ж бұйрығымен Мақсұтов Еркебұлан Мақсұтұлы Жалағаш аудандық ауруханасының бас дәрігері лауазымына тағайындалды.

Еркебұлан Мақсұтов 1985 жылы 27 қарашада Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде дүниеге келген.

Жгг

2003-2010 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Медициналық академиясының «Терапия» факультетін ойдағыдай тәмәмдап, дәрігер біліктілігін алған.

Еңбек жолын 2010 жылы Қызылорда қалалық №1 емханасында жетінші аймақтық дәрігер болып бастаған.

2011 жылы Қызылорда қалалық ауруханасына дәрігер-терапевт болып ауысып, сол жылы «ревматология» мамандығы бойынша білімін жетілдірген.

2012 жылдан бастап көпбейінді қалалық аурухананың «ІІ терапия» бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда облысының штаттан тыс бас ревматологы қызметтерін абыроймен, жоғары деңгейде атқарып келді.

Еркебұлан Мақсұтұлының жаңа қызметіне сәттілік тілейміз

 

Корпоративтік басқару білімнің жинақталған саласын білдіреді, ол орыс терминологиясына аударылғанда бірнеше пәндерді қамтиды: қаржы, құқықтану, есеп, салық және т.б.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесі туралы ережені, Қадағалау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы.