Жалағаш аудандық ауруханасының емшара бөлмесінде 12жасқа толған балалар және жүкті әйелдерге вакцинациялау жұмыстары жүргізілу басталды. Вакцина алуға келген тұрғын міндетті түрде дәрігердің тексеруінен өтеді және вакцинадан кейін сақтану жолдары толықтай түсіндіріледі.

Вакцинациялау үшін КОМИРНАТИ (PFIZER-BIONTECH) вакцинасы қолжетімді. Ата -аналар не білуі керек?

1. Жасөспірімдерді COVID 19-ға қарсы вакцинациялау ерікті және тек ата-аналардың келісімімен ғана жүргізіледі.

2. КОМИРНАТИ - МРНҚ-ға негізделген вакцина, оның құрамында тірі вирус жоқ.

Вакцина 21-28 күн аралығында 2 дозадан салынады.

3. COVID 19-бен ауырып жазылғандар вакцинаны сауыққаннан кейін 3 айдан соң салдыруға болады.

4. Жасәспірімдердің ата-аналары қалауы бойынша вакцинация жүргізілу кезінде қатыса алады.

Корпоративтік басқару білімнің жинақталған саласын білдіреді, ол орыс терминологиясына аударылғанда бірнеше пәндерді қамтиды: қаржы, құқықтану, есеп, салық және т.б.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесі туралы ережені, Қадағалау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы.