There is no translation available.

Қазіргідей індет өршіп , қоғам санасына үрей ұялаған қиын заманды дертке шалдыққан жанның жанына сая, көңіліне медет, дертіне дауа іздеп, Алладан кейінгі үмітін ақ халатты абзал жандарға артары сөзсіз.

Дәрігердің науқасқа айтқан әрбір сөзі, жылы көзқарасы мен ыстық ықыласы мыңда бір дәріден артық екенін ешкім де жоққа шығармайды.

Елдің сүйіп оқитын газеті "Жалағаш жаршысы" арқылы аурудан айықтырып, аялы алақандары, шипалы емдерімен туған әпкем Ахметова Нұрсұлу мен жездем Қайырберген Бақытжанды аман алып қалуға жәрдемші болған Жалағаш аудандық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлеріне шексіз алғысымызды білдіргіміз келеді.

Осыдан біраз күндер бұрын әпкем мен жездем пневмониямен қатты ауырып, Жалағаш аудандық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Алқына дем алып, жандарына батып жаншыған дерт құр сүлдерлерін қалдырып, күдік пен күмәнімізді көбейтіп, шарасыз халге, мұршасыз күйге тап қылды. Өмірлерінің соңғы сәттерін сүріп жатқандай , уайымдап, әртүрлі ойға кетіп, аласапыран сезімдер бойымызды шырмады.

Алайда, әуелі Алланың қолдауы арқасында аурухана дәрігерлері Нұрсұлу мен Бақытжанды аяқтарынан тік тұрып күтіп, қоғадай жапырылып, қолдарынан келгенін жасап, зыр жүгіріп қарап, шипалы емдерімен , жылы сөздерімен оларды ажалдан арашалап қалды. Олардың жасаған әрбір емдері мен ауру жанға деген оң көзқарастары, игі лебіздері мен күлімдеген жылы жүздері әпкем мен жездемнің жандарына шуақ құйып, бойларына қуат дарытты. Күннен күнге емнің шипасы дарып, бойларын тіктеп, беттері бері қарай бастады. Бұл әрине, осы ақ халатты абзал жандардың өз істеріне деген адалдығы мен риясыз пейілдерінің , жүгірген еңбектерінің жемісті нәтижесі еді.

Аллаға мыңда бір шүкіршілік дей отырып, бауырлары, туған-туыстары, ұлдары Тұрарбектің атынан әпкеміз бен жездемізге қайта өмір сыйлаған барлық аурухана дәрігерлеріне, медбикелері мен кіші аяжан қызметкерлеріне рахметімізді айтамыз.

Әсіресе, реаниматолог Тимур Баджановқа, дәрігер Жибек Мұстафинаға және де аурухана орынбасары Аманкүл Өтегенқызына ерекше құрметімізді, шексіз алғысымызды білдіреміз.

Дендеріңізге саулық , отбастарыңызға қуаныш-шаттық, баянды бақыт, ұзақ ғұмыр тілейміз сіздерге құрметті ақ халатты абзал жандар!

Әрбір жанның дертіне шипа егіп, халықтың алғысы мен ықыласына бөленіп, еңбектеріңіз толағай табыстарға толы болуына тілектеспіз!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, жаман індет жоғалып, Алла бақыты мен нәсібін, ырзық-берекесін әрбір шаңыраққа төге берсін!

Игі тілекпен алғыс білдіруші: Нұр-Сұлтан қаласынан Ахметова Гүлфарида Тайжанқызы

 

 

Корпоративтік басқару білімнің жинақталған саласын білдіреді, ол орыс терминологиясына аударылғанда бірнеше пәндерді қамтиды: қаржы, құқықтану, есеп, салық және т.б.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесі туралы ережені, Қадағалау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы.