Амбулаториялық емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық ауруханасының мәжіліс залында "Аналарға құрмет" атты мерекелік шара өтті. Мерекелік шараға медицина саласынын ардагерлері шақырылған және арнайы шақырылған Жалағаш аудан әйелдер кеңесінің төрайымы Әсия Мадиева, ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Каметов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Меркелік іс шарада бас дәрігер Ә.Бекбергенова келген қонақтарды құттықтады және бас медбике А.Талқанбаева көктемнің алғашқы мерекесі 8наурыз мейрамының тарихы жайлы айтып өтті. Сонымен қатар медицина саласында зейнеткерлікке шыққан ардегерлер жұмыс барысында кездескен ойда қалған оқиғаларымен бөлісіп мерекелік іс шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
13.03.2019 ж сағат 15:00 де бас дәрігердің пациенттерді қолдау және ішкі бақылау жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Каюпованың қатысуымен Жалағаш аудандық білім бөлімінің #201 мектеп-лицей мекемесінің қызметкерлеріне "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы #405-V Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

