Құрметті Жалағаш ауданы тұрғындары және қонақтары!

Бүкіл әлемде 1 - ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірінен саналады. Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды.

Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.

Балаларды қорғау күні олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес.

Құрметті балалар, достар, ата-аналар! Сіздерді бүгінгі 1-маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын!Жұртымыз,еліміз тыныш,деніміз сау,басымыз аман,жұмысымыз жемісті болсын! Бүлдіршіндеріміздің бүгінгі мерекелерімен құттықтаймын. Жас ұрпақ, жас буын, жасөспірімдеріміз аман болсын. Елдің ертеңі болар осы жастарымыз,балаларымыз! Мереке құтты болсын!

12 мамыр -Халықаралық мейіргерлер мерекесіне орай бастауыш кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен Жалағаш аудандық ауруханасында ақ халатты абзал жандар-мейіргерлердің құрметіне салтанатты мерекелік шара аталып өтті.

Елімізде АИТВ инфекциясына шалдығушылар саны  көбейіп барады.  Статистикалық мәліметке назар аударсақ  үстіміздегі жылдың 3 айында Республика бойынша 907 адам АИТВ жұқпасын жұқтырған,оның  ішінде 32 шет елдік азаматтар,875 жағдайы жерлестер үлесінде.  Қызылорда облысында 11 жағдай тіркеліп отыр.

15- мамыр "Халықаралық отбасы" күніне орай Жалағаш аудандық ауруханасының "Отбасын жоспарлау кабинетінде" жүкті әйелдерге және жас аналарға семинар сабақ өткізілді. Семинар сабақты гинеколог дәрігер Г.Кошантаева, отбасын жоспарлау кабинетінің медбикесі Г.Килыбаева және салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің медбикесі Б.Бектұрғановаға өткізді. Семинар сабақта гинеоклог дәрігер отбасын құндылығы туралы, жүктілік және емізулі аналар күтімі дәріс оқыды.

Корпоративтік басқару білімнің жинақталған саласын білдіреді, ол орыс терминологиясына аударылғанда бірнеше пәндерді қамтиды: қаржы, құқықтану, есеп, салық және т.б.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесі туралы ережені, Қадағалау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы.