Дүние жүзі  ЖИТС жайында алғаш рет білгеніне қаншама уақыт өтті.. Ең алғашқы жағдай 1981 жылы   АҚШ –та тіркелді. Қазақстандағы алғашқы жағдай 1987 жылы Африка елінен келген студенттен анықталды.  Жыл өткен сайын  індет барлық елге таралып  оның зардаптары тіркелуде. Әлем бойынша 1 минутта 1500 адам АИТВ жұқтырса,7000 мың адам көз жұмуда.  2022 жылдың - 9 айында ҚР-сы азаматтары арасында  3026  жағдай тіркеліп отыр, оның ішінде шет ел азаматтары-91 жағдай,ҚР азаматтары-2935 жағдай.

Бұл індеттің жұғу жолы  оңай да, бірақ сауығуы қиын,яғни емі жоқ індет екенін естен шығармаған дұрыс. Себебі АИТВ жұқпасына кез келген адам шалдығуы мүмкін.  Сондықтан әркім өзін және өзгелерді АИТВ  жұқпасынан сақтай білу керек.

АИТВ дегеніміз не ?

АИТВ-адамның иммунитет тапшылығының вирусы  -ағзаны әртүрлі жұқпалардан қорғайтын қорғаныш жүйесін зақымдайды.

ЖИТС  дегеніміз не?

ЖИТС-жұқтырылған иммунитет тапшылығының синдромы. ЖИТС-АИТВ жұқпасының соңғы сатысы. Бүгінгі таңда дейін  АИТВ және ЖИТС –тен толықтай айықтыратын дәрі-дәрмек табылмай отыр. Бір жұқтырылған АИТВ вирусы адам бойында өмір бойына қалады. АИТВ дан толық айықтыратын ем болмасада,ағзадағы  вирус мөлшерін көбейтпейтін, адам өмірін ұзартатын вирусқа қарсы препараттар бар. Осы препараттарды үздіксіз қабылдау арқылы адам өмірін ұзартып, қаншама жоспарларын іске асыруларына болады. Өмірде  кез келген адам АИТВ жұқпасын жұқтырып алуы мүмкін,алайда жұқтыруға әкеп соғу жолдары туралы шынай ақпаратқа сүйеніп,тәуекелден бас тартсаң АИТВ және ЖИТС-тың алдын алуға болады.

АИТВ-ң жұғу жолдары қандай ?:

1.Қан арқылы:  АИТВ мен  зақымданған донордың қанын құйғанда немесе мүшелері мен ұлпаларын салғанда. Қан тамырына есірткіні енгізген кезде  ине мен шприцтерді бірге қолданғанда. Медициналық манипуляция кезінде залалсыздандырылмаған құралдарды пайдаланғанда.

2.Жыныстық қатынас арқылы : Қорғаныссыз (мүшеқапсыз)  жыныстық қатынас кезінде.

3.АИТВ жұқтырған анадан балаға берілуі: АИТВ жұқтырған анадан баласына жүктілік кезінде,босанғанда және емізу кезінде. 

Адамның АИТВ жұқтырғанын қалай білуге болады?

Адамның АИТВ-мен зақымданғанын сырқы келбетінен ,жасы,жынысынан біле алмаймыз. АИТВ жұқпасын қанды зертханалық зерттеуге тапсыру арқылы  ғана анықтауға болады. Ағзада қоздырғыштың  бар екендігі қоздырғыштың табылғанынан емес,оған қарсы өндірілген антидене пайда болғанда  анықталады. Көпшілік жағдайда АИТВ жұқтырған соң  3 айдан кейін анықталады. Бұл кезең  терезе кезеңі  деп аталады,өйткені тест жүйесімен анықтау ағзаға антиденелердің керекті мөлшерде өндіру 3 айға  дейін мерзімді қажет етеді.

Дүниежүзілік ЖИТС ке қарсы күрес күнінің мақсаты не ?  

Жыл сайын Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні 1 желтоқсанда атап өтіледі. Бұл күнді ДДҰ 1988 жылы АИТВ-ның таралуынан туындаған.  Биылғы жылғы шараның ұраны « Теңдік уақыты»   Бұл бәрімізді теңсіздікті және ЖИТС-ты жою үшін  қажетті  дәлелденген  практикалық  шараларды  жүзеге  асыруға  шақырады.  Олардың ішінде: АИТВ-инфекциясын емдеу, тестілеу және алдын алу үшін қызметтердің қолжетімділігін,сапасын  және  орындылығын  арттыру,  осылайша  әрбір  адам  барлық  қажеттілермен қамтамасыз етіледі. ЖИТС індеті туралы хабардарлықты арттыру мақсатында, сондай-ақ осы аурудың құрбандарын еске алу күні ретінде де  белгіленеді..Күрес күнін өткізу - АИТВ инфекциясының таралу проблемасына назар аудару, халықты профилактиканың негізгі шаралары, диагностикалау әдістері және салдарлардың қайтымсыздығы туралы хабардар ету; өз денсаулығына және айналасындағылардың денсаулығына құнды қарым-қатынас қалыптастыру; АИТВ жұқтырған адамдарға қатысты кемсітуді болдырмайтын әлеуметтік ортаны қалыптастыру  күні болып табылады. АИТВ жұқпасының құрығына іліккен адам өмір бойына осы вируспен өмір сүріп,антиретровирусты препараттар қабылдаумен жүреді. Сондықтан жалпыға айтарым  бір мезеттік құмарлықтың аяғы өмір бойғы өкінішке әкеліп соқтырмасын. Әсіресе жастарымыз жаман әдеттерден аулақ болып,  дені сау ұрпақ тәрбиелесе  ,еліміздің болашағы жарқын болар еді дегім келеді.

Жалағаш аудандық психо-әлеуметтік кеңес беру кабинеті дәрігері: Бекниязова.А.К

Корпоративтік басқару білімнің жинақталған саласын білдіреді, ол орыс терминологиясына аударылғанда бірнеше пәндерді қамтиды: қаржы, құқықтану, есеп, салық және т.б.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесі туралы ережені, Қадағалау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы.