8-қараша күні Халықаралық радиология және рентгенологтар күніне орай бүгін Жалағаш аудандық ауруханасының рентгенолог дәрігері Каметов Ғалымжан Ханзуллаұлын мейрамымен құттықтаймыз.

Ғалымжан Ханзуллаұлы 1979 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында, Аққыр ауылында дүниеге келген. Осы ауылдағы №188 мектеп табалдырығын аттап, 1993жылға дейін оқып, 9 сыныптан Қызылорда қаласындағы Медициналық колледжге оқуға түскен. Аталған оқу орнын 1993-1996 жыл аралығында оқып, 1997 жылы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясының "Емдеу ісі" факультетіне оқуға түсіп, 2002 жылы бітіреді.

2003-2005 жыл аралығында аудандық ауруханада реаниматолог дәрігер қызметін атқарды.

2005-2014 жыл аралығында аудандық емханада бас терапевт және рентгенолог дәрігер қызметін атқарды.

2014-2016 жыл аралығында аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері қызметін атқарды.

2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін аудандық аурухананың рентгенолог дәрігері қызметін атқарып келеді.

Ғалымжан Ханзуллаұлы әріптестері арасында сыйлы, беделді, білікті дәрігер ретінде белгілі маман. Әріптесімізді мейрамымен құттықтап, рентгендиагностиканың дәлдігі мен науқастардың жылы лебіздерін алуды тілейміз.

Корпоративтік басқару білімнің жинақталған саласын білдіреді, ол орыс терминологиясына аударылғанда бірнеше пәндерді қамтиды: қаржы, құқықтану, есеп, салық және т.б.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесі туралы ережені, Қадағалау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы.