Ми қан айналымының бұзылуы деген не

"Ми қан айналымының бұзылуы – бұл бас миының бөліктеріне қанның келуі азаятын жағдай. Осының салдарынан гипоксия, яғни оттегінің жетіпеушілігі туындап, бас миының бір бөлігі өліп қалады. Көп жағдайда бұл патологияны инсульт деп атайды

қан айналымы бұзылуының екі түрі бар:

Ишемиялық – қан тамырының бітелуі. Көп жағдайда бұл жүректен шыққан тромб немесе атеросклеротикалық түйнек. Қан тамырындағы жарықшақ жабылып, қан түспеген соң, қорек жетпеген бас миының бөлігі өліп қалады.

Геморрагиялық – қан тамырының жарылуы. Соның салдарынан бас миына қан кетіп, бұл да бас миының бір бөлігінің өліп қалуына алып келеді.

Екі жағдайда да ауру үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан шұғыл түрде дәрігерге жүгініп, жедел жәрдем шақыру керек.

Ми қан айналымы бұзылуының себептері

Бұл қауіпті аурудың себебі өте көп боулы мүмкін. Соның ішінде денсаулығында мынандай кінәраты бар адамдар қаупі жоғары топқа кіреді:

  • гипертония;
  • жүректің ишемиялық ауруы;
  • қант диабеті;
  • атеросклероз;
  • артық салмақ.

Сонымен қатар науқастың үнемі күйзелісте болуы да ми қан айналымының бұзылуына әкеліп соғады.

Ми қан айналымы бұзылуының белгілері

Дәрігер мұндай белгілерді екі топқа бөліп қарастырды:

Жалпы мида. Оған бастың қатты ауыруы жатады.

Неврологиялық. Бұл жағдайда парез (жүйке жүйесінің зақымдалуы салдарынан бұлшықет күшінің жоғалуы) байқалуы мүмкін. Көп жағдайда беттің оң немесе сол жағына зақым келеді. Адамның қозғалыс үйлесімі бұзылып, ол қолын көтере алмауы, бүге алмауы мүмкін, кейде өзгелердің сөзін түсінбеуі немесе өзі түсініксіз сөйлеуі мүмкін. Егер адамның жағдайы күрт нашарлап, басы ауырып, сөйлей алмай, бет-аузы қисайғанын байқасақ, тез арада дәрігер шақыру немесе ауруханаға жету керек. Көп жағдайда бұл қан қысымы көтерілгенде болады. Қысымды үлкен сақтықпен түсіру керек.

Ми қан айналымы бұзылуын емдеу

"Мид қан айналымының бұзылуы тек ауруханада емделеді. Сондықтан алғашқы 3-6 сағатта медицина мекемесіне жету маңызды. Сол кезде дәргерлердің науқасқа тиімді көмек көрсету мүмкіндігі жоғары. Яғни тромболизис – бітеліп қалған қан тамырын сорып алып тастау мүмкіндігі жоғары. Егер 5-6 сағатта қан айналымы қалпына келсе, ми тіні өлмейді. Ал егер науқасты ауруханаға 3-6 сағаттан кеш жеткізсе, онда оның салдарын емдеуге тура келеді: қысымды, қандағы қант мөлшерін қалпына келтіру, температураны төмендету, бас ауруын емдеу.

Емдеу бірнеше кезеңге бөлінеді. Себебі қан айналымын қалпына келтіру керек, артериалды қысымды реттеу керек, мидың қабынуына жол бермеу қажет. Мұның барлығы стационарда жүргізіледі. Сондай-ақ қан айналымын реттейтін препараттар да қолданылады.

Диагностика

"Диагностикада басты құрал - нейровизуализация (КТ, МРТ). Шұғыл жағдайда компьютерлік томографияға жүгінеді. Ол ишемиялық инсультті геморрагиялықтан ажыратуға мүмкіндік береді.

Заманауи емдеу әдістері

"Жедел көмек көрсетіп, науқасты құтқарып қалғаннан кейін реабилитация басталады. Қалпына келуге шамамен жарты жыл уақыт кетеді. Осы бағыттағы жұмыстарды тез арада бастаған абзал. Уақыт өткен сайын қалпына келу қиындай түседі. Оған массаждар, гимнастика, логопедтік жаттығулар, жүріп-тұру, қозғалыс қабілетін қайтару жатады. Адам инсульт алғаннан кейін бала секілді орнынан тұру, жүру, тамақ жеуді қайта үйренеді.

Ми қан айналымы бұзылуының профилактикасы

Бұл мәселеде профилактика тым қарапайым. Қауіп тобына кіретін науқастар ұдайы қан қысымын бақылауда ұстап, гипотензивті препараттар қабылауы керек. Олар инсульт туу қаупін кемінде 50 процентке төмендетеді. Қанды сұйылту үшін антиагреганттар қабылдау да маңызды.

Сонымен қатар холестерин деңгейін бақылауға да мән беру керек. Егер науқас қант диабетіне шалдыққан болса, ол диета ұстанып, гипогликемиялық препараттар қабылдап, қандағы қант құрамын қадағалауы керек.

Жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Ми қан айналымы бұзылуының салдары қандай болады?

Қозғалыстың бұзылуы, сал болу, парез ең жиі кездесетін салдарға жатады. Басқаша айтқанда, алғашқы сағаттарда байқалған симптомдар сол күйінде қалып қоюы мүмкін. Ал бұл өз кезегінде депрессияға әкеліп, адамның есте сақтау жұмысы да нашарлай түседі.

Ми қан айналымы бұзылуы байқалған кезде дәрігерді

дереу шақыру керек. Алғашқы сағаттарда науқасқа көмек беру маңызды. Егер адамның жағдайы күрт нашарлап, басы ауырып, сөйлей алмай, бет-аузы қисайғанын байқасақ, тез арада дәрігер шақыру немесе ауруханаға жету керек. Көп жағдайда бұл қан қысымы көтерілгенде болады. Қысымды үлкен сақтықпен түсіру керек.

Корпоративтік басқару білімнің жинақталған саласын білдіреді, ол орыс терминологиясына аударылғанда бірнеше пәндерді қамтиды: қаржы, құқықтану, есеп, салық және т.б.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесі туралы ережені, Қадағалау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы.