Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. МӘМС-ға төлем жасау барлығы үшін міндетті болып саналатынына қарамастан, ауданымызда шамамен 5 мыңнан астам тұрғын әлі күнге дейін сақтандырылмаған. Оның басым бөлігі - экономикалық белсенді халық, яғни жұмысқа қабілетті азаматтар.

Осыған сай 2022 жылдың 4 шілдесінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар қабылданды. Енді сақтандыру мәртебесін алу үшін алдағы 12 айға да дербес төлеушілер ретінде төлем жасауға болады. Мысалы, 2022 жылдың қыркүйегінен бастап 2023 жылдың қыркүйегіне дейін (13 төлем) бір жыл бұрын төлеп, 1 жыл бойына сақтандыру мәртебесіне ие болады. Бұрын тек өткен 12 ай үшін төлем жасау керек болатын, бұл барлығына бірдей қолайлы болмады. Аталған жаңашылдық халықты медициналық сақтандыру жүйесіне көптеп тартуға ықпал етеді деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы дербес төлеушілер ай сайын ең төменгі жалақы мөлшерінің 5%-ы көлемінде – 3 000 теңге жарна төлейді. Ал Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар немесе тәуелсіз жұмыскерлерге «Бырыңғай жиынтық төлем» 0,5 АЕК -  1 531,50 теңге.

 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі міндеттерінің бірі – халықтың медициналық көмекке, оның ішінде қымбат қызметтерге төлейтін шығынын азайту.

 Сақтандырылған азаматтар:

  • Ауруларды ерте анықтауға профилактикалық тексерулерден (скринингтерден) өту
  • Сізге қажет диагностикалық тексерулерді көрсеткіштер бойынша өту. Оның ішінде КТ, МРТ және т.б.
  • Салалық мамандардан кеңес алу
  • ЭКҰ бағдарламасына қатысу
  • Күндізгі немесе тәуліктік стационарда емделуден өту
  • Медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан болса, өз таңдауыңыз бойынша кез келген медициналық ұйымда операция жасату
  •  Азаматтардың жекелеген санаттары стоматологиялық көмек ала алады.
  • Медициналық оңалтудан өту
  • МӘМС-ке төлем жасап, өзіңізді қымбат медициналық қызметтерге жұмсалатын шығындардан қорғаңыз

 Жалағаш аудандық ауруханасы ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің маманы Елубай Жақсылық, МӘМС жүйесі бойынша сұрақтарыңыз болса аудандық емхана №317 кабинетке келіп немесе 8(771)543-13-47 нөмеріне хабарласып кеңес алсаңыздар болады.

Корпоративтік басқару білімнің жинақталған саласын білдіреді, ол орыс терминологиясына аударылғанда бірнеше пәндерді қамтиды: қаржы, құқықтану, есеп, салық және т.б.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесі туралы ережені, Қадағалау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы.