Ана сүтімен емізу  нәрестелердегі ең қауіпсіз тамақтандыру түрі. Омырау сүтінінің құрамы нәрестеге қажетті барлық  витаминдер мен минералдарға бай.  Сәби дүниеге келгеннен бастап 6 айға дейін тек қана ана сүтімен тамақтану қажет. Ана сүтімен тамақтану артышылықтары: 

- ана мен бала арасы тығыз қарым қатынаста болады. Балаға қорғаныш сезім тудырып , тыныштандырады.

-Баланы инфекциядан қоғайды.

-Баланың физикалық және психомоторлық  дамуына  көмектеседі.

-Емшек сүті дайындауды қажет етпейді.

-Аналардағы сүт безі мен аналық безінің қатерлі ісігінен сақтайды.

Сәбиді емізу принциптері:

Анасы сәбиді дұрыс ұстауды үйрету:

1.Баланың басы мен денесі бір түзуде болуы қажет.

2.Беті мен денесін анасының кеудесіне қаратып, баланың мұрны емшектің ұшымен бір деңгейде болуын қадағалау.

3.Баланың  денесі ананың денесіне жақын тұруы керек.

4.Анасы баласының  тек мойны мен иығын  ғана ұстамай, бүкіл денесін ұстап отыруы қажет.

Анасына сәбиді емшекке дұрыс салуын үйрету:

  1. Емшектің ұшын баланың ерінін тигізу.

2.Баланың аузын қаттырақ ашуын күтіп тұру.

3.Баланың астыңғы ерні барынша емшектің ұшынан төмен болуын қадағалап тұрып, баланың емшекке тезірек салуы керек.

Ана омырауын нәрестенің дұрыс алуының  белгісі:

1.Баланың иегі ана омырауына тиюі.

2.Баланың аузының кең ашылуы.

3.Төменгі ернінің сыртқа түрілуі.

4.Баланың жоғары ернінен ана омырауынан ареолының үлкен бөлігі көрінуі.

Болашақ ұрпақтың сау болуына -  ең алдымен  баланы туылғаннан бастап  дұрыс тамақтандыру және даму мақсатында күтім жасау керек.

Педиатр дәрігер:  Уаш Аида Досжанқызы

Корпоративтік басқару білімнің жинақталған саласын білдіреді, ол орыс терминологиясына аударылғанда бірнеше пәндерді қамтиды: қаржы, құқықтану, есеп, салық және т.б.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесі туралы ережені, Қадағалау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы.