Әр жылдың маусым айында елімізде "Медицина қызметкерлер күні" аталып өтеді. Осы атаулы мейрамда ауруханамыздың педиатр дәрігері ОМАРОВА НҰРГҮЛ МЕЙРАМҚЫЗЫН құттықтаймыз!

Омарова Нұргүл Мейрамқызы 1984 жылдың 29 қаңтарында Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Аманкелді ауылында дүниеге келген.

1990 - 2001 жылдары Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Айдарлы ауылындағы №139 орта мектепте білім алған.

2001 - 2007 жылдар аралығында Астана қаласындағы Қазақ Мемлекеттік медициналық академиясын «Педиатр» мамандығы бойынша, 2008 жылы аталған академияның қабырғасында «Педиатр» мамандығы бойынша интернатураны тәмамдаған.

2005 – 2008 жылдары Астана қаласындағы №1 қалалық балалар ауруханасында медбике.

2008 – 2009 жылдары Қызылорда қаласындағы №1 қалалық емханасында аймақтық педиатр.

2009 жылдан бастап Жалағаш аудандық емханасының аймақтық педиатры, балалар бөлімінің меңгерушісі, жалпы тәжірибелік дәрігер, аудандық педиатр қызметтерін абыроймен атқарып келеді.

Нұргүл Мейрамқызы денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін 2011 жылы Жалағаш аудандық емханасы бас дәрігерінің «Алғыс» хаты, 2012 жылы Жалағаш ауданы әкімінің «Алғыс» хаты, «Нұр Отан» ХДП Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының «Алғыс» хаты, 2015 жылы Жалағаш ауданы әкімінің «Құрмет» грамотасы, 2018 жылы Жалағаш ауданы әкімінің «Алғыс» хаты, 2019 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының «Құрмет» грамотасы, 2020 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының «Құрмет» грамотасымен марапатталған.

Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп отыр. Жалпы еңбек өтілі 17 жыл.

Өз ісіне жауапты, ардақты дәрігерімізді мейрамымен құттықтап, көзінің жақсысымен науқастың көңілін көтеріп, өмірге деген құлшынысын арттырып,ертелі-кеш ерінбей, ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс-сауабына бөленіп жүре беруін тілейміз!

Корпоративтік басқару білімнің жинақталған саласын білдіреді, ол орыс терминологиясына аударылғанда бірнеше пәндерді қамтиды: қаржы, құқықтану, есеп, салық және т.б.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесі туралы ережені, Қадағалау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы.