АБДУАЙТОВА ЖАНАР ОҢДАСЫНҚЫЗЫ 1980 жылы Қызылорда облысы , Жалағаш ауданында дүниеге келген. 1995 жылы Қызылорда медициналық колледжінің " Мейірбикелік іс" мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1998 жылы бітіреді. Осы жылы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ "Емдеу ісі" мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2006 жылы терапевт мамандығын алып шығады. Еңбек жолын Жалағаш аудандық ауруханасына терапевт дәрігер қызметінен бастап, 2008-2009 жылдары "Жалпы тәжірибелі дәрігер" мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтіп, 2011 жылдан бастап осы ауруханада "Аймақтық жалпы тәжірибелі дәрігер" қызметін атқарды.

2012 жылы Жалағаш аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің ішкі аудит жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалып, осы қызметпен қоса "Скринингтік тексеруге жауапты жалпы тәжірибелі дәрігер" қызметін атқарады.

2017-2021жыл аралығында аурухананың "Жалпы тәжірибелі дәрігерлер бөлімі" меңгерушісі қызметін атқарып, 2022 жылдың басынан бастап бас дәрігердің ішкі аудит және пациенттерді қолдау жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

Дәрігерімізді мерймамымен құттықтап, еңбегіңіз халыққа қуаныш сыйлап, өзіңізді нұрға бөлесін. Сізді төл мерекеңізбен құттықтай отырып, отбасына амандық, деніңізге саулық, күш - жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, кәсіби біліктілігіңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деп тілек білдіреміз.

 

Корпоративтік басқару білімнің жинақталған саласын білдіреді, ол орыс терминологиясына аударылғанда бірнеше пәндерді қамтиды: қаржы, құқықтану, есеп, салық және т.б.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесі туралы ережені, Қадағалау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы.