12 мамыр -Халықаралық мейіргерлер мерекесіне орай бастауыш кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен Жалағаш аудандық ауруханасында ақ халатты абзал жандар-мейіргерлердің құрметіне салтанатты мерекелік шара аталып өтті.

 

Мерекеге мекеме қызметкерлері,денсаулық саласының ардагерлері және Халықаралық "қазақ тілі қоғамы" Жалағаш аудандық филиалының төрайымы Дина Мейірманқызы қатысты. Шара барысында мереке қарсаңында ерен еңбегі үшін сала мейіргерлері мен ардагерлері ОДСБ "Құрмет" грамоталарымен , аудан әкімі "Алғыс"хаттарымен , "AMANAT" партиясы Жалағаш аудандық филиалының "Алғыс" хаттарымен марапатталып, сонымен қатар, Жалағаш аудандық бастауыш кәсіподақ комитеті "Дипломдары" мен бағалы сыйлықтары табысталды.Мерекелік шара соңы әсем әуендермен жалғасын тапты.

Аталмыш мерекеде мейіргерлерімізді төл мерекелерімен құттықтай отырып, дендеріне саулық, отбастарына амандық және кәсіптеріне толағай табыстар тілейміз!

ҚҰРМЕТТІ, Жалағаш аудандық аурухана мейіргерлері,әрдайым марапат төрінен көрініп,халықтың алғысын арқалап жүре беріңіздер!

 

Корпоративтік басқару білімнің жинақталған саласын білдіреді, ол орыс терминологиясына аударылғанда бірнеше пәндерді қамтиды: қаржы, құқықтану, есеп, салық және т.б.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесі туралы ережені, Қадағалау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы.