15- мамыр "Халықаралық отбасы" күніне орай Жалағаш аудандық ауруханасының "Отбасын жоспарлау кабинетінде" жүкті әйелдерге және жас аналарға семинар сабақ өткізілді. Семинар сабақты гинеколог дәрігер Г.Кошантаева, отбасын жоспарлау кабинетінің медбикесі Г.Килыбаева және салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің медбикесі Б.Бектұрғановаға өткізді. Семинар сабақта гинеоклог дәрігер отбасын құндылығы туралы, жүктілік және емізулі аналар күтімі дәріс оқыды.

 

Отбасын жоспарлау - дүниеге себепсіз емес, қалаулы түрде келген балалар. Отбасын жоспарлау немесе ерікті және жауапты түрде ата-ана болу құқығы әр адамның халықаралық мойындалған құқығы. Шынында отбасын жоспарлау-әйелдер мен балалардың аурушаңдылығын төмендетуге және денсаулығын сақтауға бағытталған шара.

Дүниеге қашан және қанша бала әкелу, қалаусыз жүктілікті қалай болдырмау, жүктілікке қарсы қандай (контрацептив! құрал қолданған дұрыс, оны қалай қолдануға болады деген сауалдар ерте ме ,кеш пе әр адамды, әр отбасын мазалайды. Отбасын жоспарлау ерікті түрде ер мен әйел адамға отбасындағы бала санын, олардың туылу мерзімін шешуге, өз өмірлерін жоспарлауға, қажетсіз қорқыныш пен уайымды болдырмауға көмектеседі. Отбасын жоспарлаудың негізгі мақсаты:

- дені сау қалаулы баланы дүниеге әкелу;

-жүктілік арасындағы үзілісті реттеу;

- ата-аналардың жасына сәйкес баланы босану уақытын таңдау;

- әйелдердің денсаулығын сақтау;

-отбасында сырлас қатынаста жарасымдылыққа жету;

- өмірлік жоспарларды жүзеге асыру.

Сонымен қатар жүктіліктің алдын алу мақсатында қолданылатын құралдар контрацептив деп аталады. Контрацепция бала тууды реттеу мен әйелдердің денсаулығын сақтауға бағытталған. Заманауи контрацепция әдістері:

-жатырішілік

-гармондық

-дәстүрлі

-хирургиялық(стерилизация) түрлері бар.

Аурухананыі "Отбасын жоспарлау" кабинетіне жүгінге әрбәр әйелге мезгілсіз жүктіліктен сақтану жолы, гинеколог және психолог мамандардың кеңесін алуға болады.

#денісауұрпақболашақкепілі

#денісаудыңжанысау

 

Корпоративтік басқару білімнің жинақталған саласын білдіреді, ол орыс терминологиясына аударылғанда бірнеше пәндерді қамтиды: қаржы, құқықтану, есеп, салық және т.б.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесі туралы ережені, Қадағалау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы.