Елімізде АИТВ инфекциясына шалдығушылар саны  көбейіп барады.  Статистикалық мәліметке назар аударсақ  үстіміздегі жылдың 3 айында Республика бойынша 907 адам АИТВ жұқпасын жұқтырған,оның  ішінде 32 шет елдік азаматтар,875 жағдайы жерлестер үлесінде.  Қызылорда облысында 11 жағдай тіркеліп отыр.

 

АИТВ-адамның иммунитет тапшылық вирусты инфекциясы адам организміне  иммундық жүйені  зақымдайтын вирустың енуінен  пайда болатын ауру. Адамда АИТВ вирусын тек қанды тестілеу арқылы анықтауға болады,қаннан АИТВ вирусы анықталған адам АИТВ жұқтырған деп аталады. Егер АИТВ жұқтырған адам вирусқа қарсы емді жүргізбесе инфекция асқынып,адам ағзасында түрлі қайтымсыз аурулар бой көтеріп,адамның иммундық жүйесі қызметі әлсіреп ЖИТС-қа әкеледі..
  

АИТВ/ЖИТС деп  атын естігеннен адамда қорқыныш,үрей пайда болады.   Себебі бұл  жұқпаның құрығына түскен адам өмір бойына осы вируспен өмір сүреді. АИТВ жұқпасы  тек адамнан адамға  биологиялық сұйықтықтары  арқылы жұғатын инфекция.Биологиялық сұйықтықтарға қан, ана сүті,ерлер шәуеті,әйелдің қынап сұйықтығы жұқтыру қаупі жоғары сұйықтықтарға жатады. Сондықтанда бұл инфекцияның қан арқылы,жыныстық жолмен және анадан балаға тігінен берілу жолдары дәлелденген.  Бұл жұқпаға саналы ,ақыл есі дұрыс,дұрыс жолмен жүретін,бір ғана жыныстық серіктесі бар адамдар шалдыға бермейді. АИТВ жұқпасына жаман әдетке үйір,миы нашаға,,ішімдікке, шылымға уланған, қорғалмаған жыныстық қатыста болған  , бір мезетте бірнеше жыныстық серіктесі болған  адамдар шалдығады. Бір өкініштісі бұл жұқпаның емі табылған жоқ. Қазіргі кезде тек адам өмірін ұзартатын,ағзадағы вирустың  көбейуіне   жол бермейтін вирусқа қарсы препараттарды ішу арқылы адам өмір сүре алады. Айта кетерлігі бұл вирусқа қарсы препараттарды АИТВ жұқтырғандар үздіксіз өмір бойына  қабылдайды. Әрине айтуға оңай,бірақ өмір бойына да дәріні қабылдау мүмкін емес.  Дегенменде  адам АИТВ жұқтырдым екен деп өзін өзі тастап жібермеу керек, керісінше аурумен күресіп ,өмір сүруге құлшынысын арттыру керек. Адамның алдыға қойған арман-мақсаттары көп,соған жету үшін адам ұмтылу керек,дәрігер кеңесіне құлақ асып,тағайындалған емді қабылдау керек. Өмірде бір рет опық жеген адам екінші қайталамауға тырысады. Сондықтанда өмір жолында шалыс баспауға,зиянды әдеттерге әуес болмауға, қорғалмаған кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болуға шақырамын. Әсіресе  өскелең ұрпағымыз жасөспірімдер мен жастар арасында алдын алу шараларын көбірек өткізу керек. Түрлі форматта іс шаралар өткізіп,жұқпаның қауіптілігін, жұқпалылығын,өзге адамдарға жұқтыруға болмайтындығын түсіндіріп айтуымыз керек және де айтылып та жатыр.         
      

Бұл жұқпамен тек біз медицина мамандары емес,білім,қоғам болып күресуіміз керек.Себебі қазіргі таңда АИТВ жұқтырғандар саны күн санап артуда,әсіресе 15-49 жастағы адамдар арасында етек алып бара жатыр. Кейбір адамдар бұл жұқпаны түсінбеуі,мойындамауы мүмкін. АИТВ жұқтырғандарды түр әлпетіне қарап АИТВ жұқтырған деп айта алмаймыз. Себебі бұл созылмалы ағымда өтетін,10-15 жылға дейін клиникалық көріністері байқалмайтын жұқпа. Бір өкініштісі соңғы кездері жүкті әйелдер арасында анықталуы. Жүкті әйелде анықталды деген сөз ұрпағымызға қауіп дегенді білдіреді. Бірақ медицина қарқынды дамудың арқасында АИТВ жұқпасының жүктілік кезінде құрсақтағы балаға жұқтырмау жолдарын қарастырып,вирусқа қарсы препараттарын тағайындайды. Осы жүргізілген алдын алу шаралардың арқасында дені сау балалар өмірге келуде.  Сондықтанда денсаулықтың қадірін біліп,АИТВ жұқпасын жұқтырып алмайық! Ол үшін салауатты өмір сүріп, зиянды әдеттерден, кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болайық!

1

Корпоративтік басқару білімнің жинақталған саласын білдіреді, ол орыс терминологиясына аударылғанда бірнеше пәндерді қамтиды: қаржы, құқықтану, есеп, салық және т.б.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесі туралы ережені, Қадағалау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы.