Бүгін 03.02.2022жылы Жалағаш аудандық ауруханасының мәжіліс залында барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, 2021 жылдың қорытынды есеп беру жиналысы өткізілді. Жиналысты Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Үсенов Жалғасбек Тұрлыбекұлы төрағалық етті. Жылдық кешенді іс-жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстардың қорытындысын аудандық аурухананың бас дәрігері Мақсұтов Еркебұлан Мақсұтұлы есеп берді.

Есеп беру барысында Жалағаш аудандық ауруханасы бойынша 2021 жылда жалпы атқарылған жұмыстары мен алға қойылған міндеттер түгел қамтылды. Атап айтқанда, аурухананың мамандармен қамтылу деңгейі, стационар бойынша жалпы негізгі көрсеткіштер, тәуліктік төсек орындарының қамтылуы және 2021 жылда орындалуы, тұрғындардың емханаға дәрігерге қаралу деңгейі, аудан бойынша 2021жылы тіркелген аурушаңдылық, диспансерлік бақылаудағы науқастардың тегін дәрі-дәрмекпен қамтылуы, ауданның демографиялық көрсеткіштері, Жалағаш аудандық ауруханасына берілген жылжымалы медициналық кешен жұмысы, ауруханадағы қайта қалпына келтіру бөлімше жұмысы мен қаржыландырылуы, 2021 жылда жүргізілген вакцинациялау жұмыстары туралы айтылды.

Жиналысты төрағалық еткен Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқарма басшысының емдеу және алдын алу ісі жөніндегі орынбасары Үсенов Жалғасбек Тұрлыбекұлы өзінің ОҢ бағасын беріп, алдағы уақытта да сәттілік тілеп, жиналыс қорытындыланды.

 

Корпоративтік басқару білімнің жинақталған саласын білдіреді, ол орыс терминологиясына аударылғанда бірнеше пәндерді қамтиды: қаржы, құқықтану, есеп, салық және т.б.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесі туралы ережені, Қадағалау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы.