АИТВ инфекциясы - адамның иммундық жүйесiн зақымдайтын созылмалы ағымда өтетін жұқпалы ауру жәнеде туберкулез ауруының ең қауiптi факторы болып табылады.
АИТВ инфекциясы кезінде адам қанындағы иммундық жүйеге жауап беретін CD4 клеткалар (Т- лимфоцит ) жасушаларының азаюы байқалады.
СД 4 клеткаларының төмендеуі иммунды жүйенің туберкулез микобактерияларының таралуына жол бермеу қабілетін әлсіретеді. Сондықтан АИТВ жұқтырған адам үшін туберкулезбен ауыратын науқаспен қарым қатынастың өзі қауіпті болып табылады.
АИТВ-мен ауыратын адамдарда, әсіресе СД 4 клеткасы 200 коп/мл-ден төмен болса, туберкулез көбiнесе өкпеден басқа , яғни көбiнесе өкпенi ғана емес, ағзаның басқа жүйелерiн, мысалы, лимфа түйiндерiн немесе омыртқаны зақымдайды. Бұл дегеніміз емдеу кезеңінде қиындықтар тудырады.
АИТВ бар науқастарға өз денсаулығын өздері қадағалау маңызды болып табылады. . Иммун тапшылығы кезінде туберкулездің клиникалық көріністері жалпыға белгілі симптомдардан ерекшеленуі мүмкін. Бұл жағдайда температураның 39-40 С-қа дейін жиі көтерілуі, күрт әлсіздік пен терлеу, құрғақ жөтел жиі байқалады.
Аталған шағымдар байқалғанда емді кешеуілдетуге болмайды, өйткені бұл туберкулездің ауыр түріне әкеліп соғуы мүмкін.
Денi сау адамдарда да, АИТВ жұқтырғандарда да туберкулездi емдеудiң күрделiлiгiнiң бiрi микробактериялардың кейбiр түрлерiнiң туберкулезге қарсы дәрiлерге төзiмдiлiгi болып табылады.
Дәрілік препараттарға тұрақтылық келесі себептерге байланысты болуы мүмкін:
- дәрігер тағайындаған дозалар мен препараттарды қабылдау ережелерін сақтамау
- терапия курсының үзілуі (тұрақты емес емдеу)
- дәрігер белгілеген мерзімнен бұрын препараттарды қабылдауды тоқтату.
Сондықтан, фтизиатр дәрігердің бақылауымен емдеудің толық курсынан өту (ол 6 ай және одан да көп уақытты алады), оларға тағайындалған барлық препараттарды уақытылы қабылдау, емдеу динамикасын үнемі қадағалап отыру, ұсынылатын тексерулерден уақытылы өту өте маңызды.
Туберкулезді дер кезінде анықтау үшін АИТВ жұқтырғандар жыл сайын флюрографиялық тексеру және уақытылы диспансерлік бақылаудан өтіп тұру қажет.
АИТВ жұқтырған адамдарда туберкулезді емдеу принциптерін екі бағытта ұйымдастыруға болады.
1)Емнің стандартты тәртібіне сәйкес туберкулезді тікелей бақылау арқылы емдеуді ұйымдастыру. Емдеу процесінде медицина қызметкерлері науқастардың туберкулезге қарсы және антиретровирусқа қарсы препараттарды қабылдауына бақылау жүргізеді.
2) АИТВ жұқпасымен қосарланған туберкулез науқастарының әлеуметтік және психологиялық тұрғыда бейімделу жүйесін құру. Бұл дегеніміз науқастарға және олардың жақындарына ем тәртібін сақтауға ,сонымен қоса ішімдік және нашақорлық заттарын қолданбай ,өздерін ұстауға байланысты психотерапевтердің кеңесіне жүргізу .
Жалағаш ПСК дәрігері Бекниязова.А