Адамда тіс қалыптасуының өзі бір қызық құбылыс. Ол балаларда бір жасқа толмай жатып шықса, енді кейбіреулерде одан кешірек шығады. Белгілі бір уақыттан соң олардың көбі түсіп, жаңарады. Тістер адам кәмелетке толмай жатып то¬лық қалыптасып бітеді. #Қолайсыз әсер етеді
Дегенмен адамда негізінен 18-25 аралығында шығатын бір тіс бар, ол «ақыл тіс» аталады. Ақыл тіс көпшілік адамдарда байқалады, кейбіреулерінде шықпай қалады, ал кейбірінде мүлде болмайды.
Осы ақыл тістің адамға тигізетін қолайсыздықтары көп. Ол тамақ жеп, сусын ішкенде, тіпті жай кезде де адамға қолайсыз әсер етеді. Сөйлегенде, күлгенде ажарын бұзады, яғни ақсиып, ебедейсіз көрінеді. Одан бөлек, өсуі қиындау болғандықтан түрлі ауруларға бейім келеді де, адамды әбіржітеді.
Мысалы, ақыл тіс шығарда иек тіндерінде қабыну жайлары жиі кездеседі. Иек етін жарып шығарда онда ауыз ішінің кілегей қабатының әсерінен «қыр» пайда болады да, ішіп-жеу әрекеттері кезінде үнемі қажалады. Ал бұл жерлерге түрлі микробтар жиылып, ақыры қабынуға соқтырады. Қажалған жер тереңдеп, оған түскен тағам бөліктерін алып тастау қиынға соғады. Ал олар осында пайда болған микробтар¬ға азық, солардың әсерімен іріңді қабыну басталады. Бұл ауру медицина тілінде «перикоронарит» деп аталады.
Перикоронарит кезінде адам тіс аумағынан ауырсыну сезінеді, бұл бірте-бірте самайға, құлаққа да әсер етуі мүмкін. Ауызды ашқанда, жұтынғанда ауру күшейе түседі, өйткені ол иек аумағы бұлшық еттері мен лимфа түйіндеріне де әсер етеді. Адам әлсіреп, басы ауырып, ыстығы көтеріледі. Шығып келе жатқан ақыл тістің үстіндегі кілегейлі аумақ қатты ауырады, саусақпен басқанда ол тұстан ірің білінуі мүмкін.
Жоғарыда аталғандай белгілер біліне салы¬сымен хирург тіс дәрігеріне көрінген дұрыс. Әйт¬песе ауру сүйек тіндеріне өтуі де ықтимал. Дәрі¬герге көрінбес бұрын ауруды басатын дәрі ішіп, ауызды тұз бен ас содасын қосып дайындалған сумен шайған абзал. (Бір стакан жылы суға бір-бір шай қасық тұз бен сода қосылады). Мұндайда ауырған жерге компресс қоюға болмайды, ол қабынуды өршітіп жіберуі мүмкін. Ауруды басатын «таблеткалар» қойған да дұрыс емес, ол иек етіне кері әсер етуі ықтимал. Перикоронаритті тек дәрі¬гер көмегімен ғана емдеу керек. Тиісті ем-дом қолданғанда да нәтиже шықпаса, онда ақыл тісті жұлудан басқа жол қалмайды. #Кариеске аса бейім
Ақыл тістің шығуы көп жағдайда оның кариес¬ке ұшырауымен қатар жүреді. Өйткені ауызды жуғанда бұл тісті тазалау қиындау, сондықтан онда түрлі микробтар жиналып қалады да, бұл тіс эмалінің бұзылуына соқтырады. Кариес одан бірте-бірте көрші тістерге де ауысады. Дер кезінде емдетпесе мұның соңы пульпитке (тіс нервтерінің қабынуы) ұласады.
Ақыл тіс көбіне өзімен көрші тістермен иін тіресіп, қажалып, қысылып өседі. Сондықтан ол ағзаға көп жайсыздық әкеледі, содан адамның құлағы, жағы солқылдап ауырады, ол өзін қолайсыз сезінеді. Мұндайда ауыз қуысын рентген арқылы тексертіп алған абзал.
Ақыл тіс өсу кезінде жүйке жүйесінің кей тар¬мақтарын да қабындыруы мүмкін. Бұл кезде тіс қана емес, бастың басым бөлігі ауырады. Ақыл тістің өсуі кезінде ауыз қуысында ет өскіні (киста) пайда болуы да ықтимал. Бұл кейде білінгенімен, кейде мүлде білінбейді. Дегенмен өскіндер үлкейіп кетуі де мүмкін, олардың ішіне сұйықтық толады да, ол тіске жағымсыз әсер етеді. Бірте-бірте қабыну пайда болып, ол асқынады.
Сондай-ақ ақыл тістің шығуы, оның дұрыс өспеуі азудың артқы жағын жарақаттауға себеп болуы да мүмкін. Жарақаттанған жер бірте-бірте үлкейіп, жараға айналады. Оған микробтар түсіп, жазылуы қиындай түседі. #Ақыл тісті қай кезде жұлған дұрыс?
Ақыл тісті басқадай емдеу әдістері нәтиже бермеген кезде жұлып тастау керек. Ол бой көрсеткенде перикоронаритке ұрындыра берсе міндетті түрде жұлдырып тастаған абзал.
Ақыл тіс өскенімен иек етін жарып шықпай қалатын кездері де болады. Ол кезде бетте неврологиялық ауру пайда болуы, оның көрші тістердің тамырларын бүлдіруі, тістерді қисайтуы да мүмкін. Бұл кезде де тісті міндетті түрде жұлып тастау керек.
Ақыл тісті жұлу қиын. Оны жұлудың соңы көбіне жайсыздықтарға ұрындырып жататыны бар. Оның жұлынған орны көпке дейін қалыпқа келмейді, тіпті қабынуға соқтыруы да мүмкін. Бұл #альвеолит деп аталады.
Негізінен тіс жұлынған соң оның орнын қан аралас сілекей толтырады да, ол жердің етпен бітісіп кетуіне жағдай жасайды. Ал егер тістің орнын мұндай зат толтырмаса, онда ол құрғақтай бітеді де, бұл жерге хирургиялық ем қабылдау керек болады. Яғни хирург сүйек тіндерін тазартып, дезинфекция жасайды. Мұндай кезде ауызды содамен, тағы басқа нәрселермен шаймау керек. Ауызды шаю альвеолитке ұрындыруы ықтимал.
Жалпы, ақыл тіс шыққанын аңғарған жағдайда міндетті түрде дәрігерге көрінген абзал. Ол тиісті ем-дом жасайды немесе ақыл-кеңестер береді. Өз бетімен емдеуден сақтанған дұрыс.

Корпоративтік басқару білімнің жинақталған саласын білдіреді, ол орыс терминологиясына аударылғанда бірнеше пәндерді қамтиды: қаржы, құқықтану, есеп, салық және т.б.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесі туралы ережені, Қадағалау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы.