Вена қан тамырларының кеңеюі, яғни жұртшылық арасында «варикоз» аталып жүрген ауру бүгінде көпшілік адамдарда кездеседі. Мамандардың зерттеу нәтижелеріне қарағанда, қазір жер шары халқының 90 пайызы осы аурудан зардап шегеді немесе осы ауруға бейім болып келеді екен. Өйткені адамдарда бұрынғыдай емес, қимыл-қозғалыс аз, оған қоса жұрт тамақтану режимін сақтай бермейді. Нәтижесінде семіздік, артық салмақ пайда болады.

Жалпы, адам ағзасындағы зат алмасу процестерінің 90 пайызға жуығы судың араласуымен өтетіні белгілі. Ал судың жетіс¬пеу¬шілігі еркін радикалдардың пайда болуына соқтырады. Мұның соңы қан тамырларының созылмалылығын тежеп, варикоздың пайда болуына әкеледі. Сұйықты аз ішу арқылы адам өз ағзасының ластануына жол ашады. Ал су жеткі¬лікті мөлшерде түсіп отырса, ол ағзаны түрлі улы қалдықтардан шайып, тазалайды, ол өз кезегінде ағзаның қорғаныс қабілетін арттырады, әрбір клетканың қалыпты жұмыс ітсеуіне мүмкіншілік береді. Ағзаның сумен жеткілікті қамтамасыз етілуі артық салмақпен күресте де жақсы нәтижелер береді. Яғни ол тамаққа «аранның» ашылуын тежейді, ағзадағы майдың «желінуіне» әсер етеді.

Ал салмақ қалыпқа түскен соң қан-тамыр жұмыстары жақса¬рады, өз кезегінде бұл аяқтағы зат және қан алмасуына жайлы әсерін тигізеді, оны варикоздан сақтайды.

Жалпы, варикоз кезінде көк¬өністерді, бұршақ тұқымдастар мен теңіз өнімдерін жиірек пайдаланған жөн. Әсіресе цитрус жемістерінің жақсы әсері мол, олардың құрамындағы С витамині қан тамырларын қуаттандырады. Сондай-ақ қыста және көктемде құрамында калий, кальций, магний микроэлементтері мен С, Р, Е витаминдері көп поливитаминдерді қабылдап тұрған абзал.

Бұдан бөлек, жиі жүріп, жүгіріп тұрған дұрыс. Ал жұмыс ерек¬ше¬лігіне байланысты үнемі отырып, немесе түрегеп тұрып еңбек ететін адамдар аяқтарына үнемі жаттығу жасап тұрғандары жөн. Мысалы, жұмыс уақытында бір-екі сағат сайын 5-10 реттен аяқ ұшымен бір минуттай тұру, аяқты оңды-солды айналдыру сияқты жеңіл-желпі жаттығулар жасап тұрған пайдалы. Сондай-ақ аяққа ауыспалы «ванна» жасап тұрған тиімді (жылы судан бірден мұздай суға ауыстыру немесе керісінше). Бүінде дәріханаларда аяққа жағатын түрлі гельдер бар, соларды да белгілі бір дәрежеде қолданып тұруға болады.

Варикоз кезінде немесе ол енді басталып келе жатқанда итмұрын сөлін ішіп тұрған да пайдалы. Оны былай әзірлейді:

3 ас қасық итмұрынды орташа ыдысқа салып, үстіне 3 стакан¬ қайнатылған су құяды. Сосын ыдысты мықтылап жауып, 35-40 минутқа қояды. Кейін итмұрын жемістерін дуршлагқа ауыстырып, қайтадан алғашқы ыдысқа салады да, үстінен 2 стакан қайнаған су құяды. Арада 45-50 минут өткен соң тұнбаны сүзгіден өткізеді. Кейін дуршлагтағы және ыдыстағы қайнатындыларды бір ыдысқа құйып, оған жуылған мейіз (жүзім) қосып қайнатады. Екі-үш минут қайнатқан соң суытып, қалағанынша ішіп тұрады. (Бұл сусынға жас, жаңадан үзілген жемістерді де пайдалануға болады. Бірақ олар төрт есе көп қажет).

Варикоз болғанда немесе ол енді басталып келе жатқанда адамда іш қату жиілейтіні бар. Мұндайда жатар алдында үккіш¬тен өткізілген қызылшаға сарымсақ, майонез қосып жеу керек. Қара өрік қосылған йогурт жеуге де болады. 1 стакан йогуртқа 7-8 қара өрік.

Корпоративтік басқару білімнің жинақталған саласын білдіреді, ол орыс терминологиясына аударылғанда бірнеше пәндерді қамтиды: қаржы, құқықтану, есеп, салық және т.б.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесі туралы ережені, Қадағалау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы.