OT Family Doctor - шаблон joomla Продвижение
Сіз мындасыз: Басты бетДенсаулық мектептері

Денсаулық мектептері

Денсаулық мектептерінің жұмыс кестесі.

Мектептердің мақсаты: қауіп – қатер факторларын бағалау, емделушіге салауатты өмір салтын дұрыс жүргізуді үйрету.

Мінез-құлық қауіп қатер фактор мектебі

Мектеп мақсаты: қауіп – қатер факторларын бағалау, емделушіге салауатты өмір салтын дұрыс жүргізуді үйрету. 

Оқыту бағдарламасы:

  • Темекі шегудің зияндылығы;
  • Тәуелділік;
  • Маскүнемдік;
  • Нашақорлық;
  • Алиментарлық семіздік.

Мектеп жұмысының кестесі:

Күнделікті

10.00-12.00,14.00-16.00

114 каб.

Мектепті жүргізетіндер:

Психологтар: Құлышева Табынкүл

                        Доспанов Бакыт

                        Әйтімбет Самал 

СӨСҚО дәрігері:Бектаева Ақбота

Бронхиалды демікпе мектебі

Мектептің мақсаты: Бронхиалды демікпенің даму механизмдері мен себептері және емдеу әдістері туралы  емделушілерге ұсыну.

 Оқыту бағдарламасы:

  • Демікпе ұстамасының алдын алу, аллергенді әрекетін жою;
  • Бронхиалды астма ұстамасы кезінде өздігінен көмек көрсете білуге машықтану;
  • Бронхиалды астманы емдеудегі заманауи ұстанымдар туралы ұсынымдар;

Мектептің жұмыс кестесі:

Аптаның сәрсенбі күні:

Сәрсенбі 14.00—15.30

309 каб.

Мектепті жүргізетіндер:

Аудандық терапевт: Бекжанова Сауле Темирхановна.

Мейірбике: Тулебаева Алма.     

 

Қант диабеті мектебі

Мектеп мақсаты: Қант диабеті асқынуының алдын алу,  аурудың күшеюіне жол бермеу,  ҚД емдеу және тамақтану бойынша ақпараттар ұсыну.

 Оқыту бағдарламасы:

  • Қант диабеті, зәр және қандағы қантты өз еркімен анықтау құралдары мен әдістері;
  • Диабет кезіндегі тамақтану;
  • Ем алу бойынша ұсынымдар;
  • Асқынудың алдын алу.

Мектептің жұмыс кестесі:

Аптаның сейсенбі күні:

15.00-16.30

309 каб.

 

Мектепті жүргізетіндер:

Эндокринолог дәрігері: Лаубаева Гулжахан Сейткасымовна

Медбике: Джусупова Рита

Артериалды гипертония және ЖИА мектебі

Мектеп мақсаты: емделушілерге артериалды гипертонияны нәтижелі түрде бақылауды оқыту. 

Оқыту бағдарламасы:

  • Қан қысымын қалай дұрыс өлшеу керек?
  • Гипертониялық криз кезінде не істеу керек?
  • Емдік тамақтану;
  • Дәрісіз терапия.

Мектеп жұмысының кестесі:

Аптаның дүйсенбі күні:

15.00-16.30

309 каб.

 

Мектепті жүргізетіндер:

Кардиолог дәрігері: Каметова Ақнұр Ханзуллаевна

Медбике: Есболова Алтынай

Егде жастағы адамдар мектебі

Мектеп мақсаты: сауығу, өмірге деген көз – қарасты жақсарту,  егде жастағы адамдардың күнделікті өміріндегі қауіпсіздік деңгейін көтеру.

Оқыту бағдарламасы:

  • Жас мөлшеріне және ауруға қарамай қалай толыққанды, белсенді және қызықты  өмір сүруге болады?
  • Артериалды қан қысымын қалай дұрыс өлшеу керек? 
  • Күнделікті өмірде жарақаттан қалай қашу керек?
  • Дұрыс тамақтану.

 Мектептің жұмыс кестесі::

Аптаның Сейсенбі күні

10.30-11.30

309 каб.

 

Мектепті жүргізетіндер:

Әлеуметтік қызметкер: Жумабаева Ақмарал.

Психолог:   Әйтімбет Самал                                         

Отбасын жоспарлау мектебі

Мектеп мақсаты:  Әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау,  жүктілікті жоспарлау және дені сау сәбиді дүниеге әкелу үшін оңтайлы уақытты таңдау, түсік тастау және ана өлімін азайту.

Оқыту бағдарламасы:

  • Отбасын жоспарлау;
  • Репродуктивті денсаулық;

Мектеп жұмысының кестесі:

Аптаның Бейсенбі күні

14.00-14.30

202 каб.

Мектепті жүргізетіндер:

Гинеколог: Аманжолова Райла Тауекеловна.

Акушер: Доскалиева Светлан

Жүктілікке дайындау мектебі

Мектеп мақсаты: жүкті әйелдерге сәбидің дүниеге келуіне дайындық кезінде физикалық тұрғыдан ғана емес, көңіл – күй және рухани жағынан да көмек беру. Босану кезінде дұрыс демалу мен өзін – өзі дұрыс ұстай білуді үйрету.

Оқыту бағдарламасы:

  • Болашақ ананың дұрыс тамақтануы;
  • Босануға психопрофилактикалық дайындау;
  • Омыраумен емізу;

Мектеп жұмысының кестесі:

Аптаның бейсенбі күні

14.30-15.00

202 каб.

Мектепті жүргізетіндер:

Гинеколог: Аманжолова Райля Тауекеловна.

Акушер: Доскалиева Светлана 

 

Жас аналар мектебі

Мектеп мақсаты: Бала күтімінің ережелерін оқыту.

Оқыту бағдарламасы:

  • Жас аналардың тамақтануы
  • Емдік дене шынықтырулармен айналысу
  • Жас аналар гигиенасы.
  • Баламен жұмыс жасар алдында психопрофилактикалық дайындық. 
  • Нәрестелерге күтім. 
  • Емшекпен тамақтандыру.
  • Нәрестелермен серуендеуге дайындық.

 

Мектеп жұмысының кестесі:

Аптаның Бейсенбі күні

15.00-15.30

202 каб.

Мектепті жүргізетіндер:

Гинеколог: Аманжолова Райля Тауекеловна.

Психолог:Құлышова Табынкүл

Акушер: Доскалиева Светлана

 

Дені сау бала мектебі

Мектеп мақсаты:  сау балаларды (емшекпен тамақтандыру, тамақтандыру тәртібі, физикалық тәрбиелеу,шынықтыру, күтім жасау және т.б. ) тәрбиелеу ережелерінің негіздеріне ата-аналарады үйрету, қауіптіліктің үрейлену белгілерін анықтау,балаға қатал көзқарас немесе немқұрайлық белгілері кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету. 

Оқыту бағдарламасы:

  • Жаңа туған нәрестеге тыныс алдыру және емдік дене шынықтыру
  • Алғашқы дыбыстар және ойыншықтармен таныстыру.
  • Баланы 3 жасқа дейін тамақтандыру жөнінде нұсқаулықтар.

Мектеп жұмысының кестесі:

Аптаның Жұма күні

15.00-16.30

130  каб.

Мектепті жүргізетіндер:

Жалпы тәжірибелі дәрігер: Ештаев Гүлжанат.

Медбике:Кошербаева Шолпан

:

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІРІҢҒАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ СаІІ-ОРТАЛЫҒЫ тел: 8(7242) 40 00 01 және 1304 Алтел/Теле2арқылы тегін

СаІІ-орталығының міндеттері: 
- Облыс тұрғындарына кез-келген медициналық анықтамалық және медициналық қызмет түрлері туралы сұрақтарына жауап беру;
- Жалпы медициналық көмектің сапасы жайында, арыз-шағымдар мен басқада медициналық өтініштерді тиісті мекемелерге телефон желісі арқылы жеткізу;