OT Family Doctor - шаблон joomla Продвижение
Сіз мындасыз: Басты бетГосударственные символы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы 

Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын және Гимнінің мәтінін орналастыру ережесі 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме.

Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков.

Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым.

Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi.

Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы 

Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын және Гимнінің мәтінін орналастыру ережесі  

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ, елтаңба — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл. гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.

Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қ. р. м. г-нiң авторлары — Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.


 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНІ

 Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы 

Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын және Гимнінің мәтінін орналастыру ережесі 

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны, 
Алтын дән даласы, 
Ерліктің дастаны, 
Еліме қарашы! 
Ежелден ер деген, 
Даңқымыз шықты ғой. 
Намысын бермеген, 
Қазағым мықты ғой! 

Қайырмасы: 

Менің елім, менің елім, 
Гүлің болып егілемін, 
Жырың болып төгілемін, елім! 
Туған жерім менің - Қазақстаным! 

Ұрпаққа жол ашқан, 
Кең байтақ жерім бар. 
Бірлігі жарасқан, 
Тәуелсіз елім бар. 
Қарсы алған уақытты, 
Мәңгілік досындай, 
Біздің ел бақытты, 
Біздің ел осындай! 

Қайырмасы: 

Менің елім, менің елім, 
Гүлің болып егілемін, 
Жырың болып төгілемін, елім! 
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Государственные символы

Государственный флаг Республики Казахстан представляет собой прямоугольное полотнище голубого цвета с изображением в центре солнца с лучами, под которым - парящий орел. У древка - национальный орнамент в виде вертикальной полосы. Изображение солнца, его лучей, орла и национального орнамента - цвета золота. Соотношение ширины Флага к его длине - 1:2.

Голубая одноцветность Государственного флага Республики Казахстан отражает не только приверженность идее единения, но и напоминает о безоблачном небе, которое всегда и у всех было олицетворением мира, спокойствия и благополучия.
На языке геральдики голубой цвет, его оттенки соответствуют таким человеческим качествам, как честность, верность надежда. Золотое солнце, купающееся в своих лучах, олицетворяет покой и богатство, а степной орел щедрость и зоркость, высоту помыслов казахстанцев. 
Авторам Государственного флага Республики Казахстан является художник Шакен Ниязбеков.


Государственный Герб Республики Казахстан имеет форму круга и представляет собой изображение шанырака (верхняя сводчатая часть юрты) на голубом фоне, от которого во все стороны в виде солнечных лучей расходятся уыки (опоры). Справа и слева от шанырака расположены изображения мифических крылатых коней. В верхней части расположена объемная пятиконечная звезда, а в нижней части - надпись "?аза?стан". Изображение звезды, шанырака, уыков, мифических крылатых коней, а также надписи "?аза?стан" - цвета золота.

В основе Государственного герба Республики Казахстан лежит шанырак. Он стал сердцем герба. 
Это очаг, целостность мира, символ первоосновы государства семьи.
Крылатый тулпар образ бессмертия, бесконечное развитие и духовное богатство народов, проживающих в Казахстане под одним шаныраком. Тулпар - символ сохранения строя суверенного Казахстана. Крылатый тулпар это полет, мечта, молодое поколение, с которым всегда связаны надежды.
Пятиконечная звездочка венчает герб. У каждого человека есть своя, путеводная звезда. Такая звезда должна быть и у государства.
Авторами Государственного герба Республики Казахстан являются архитекторы Шота Уалиханов и Жандарбек Малибеков.


Государственный Гимн Республики Казахстан

Слова написали:
Жумекен Нажимеденов

Нурсултан Назарбаев

Музыку написал:
Шамши Калдаяков

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңкымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

 

:

Құрметті сайт қонақтары !Сіздер egov.kz порталы арқылы емханаға тіркелу,дәрігерді үйге шақырту,дәрігерге алдын ала жазылу қызметтерін қолдана аласыздар.Бұл арқылы сіз өз уақытыңызды үнемдейсіз.

Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, Мырзалиев к-сі №69 Байланыс телефондары: 8 (72431) 21-5-51 | 8 (72431) 21-6-45