OT Family Doctor - шаблон joomla Продвижение
Сіз мындасыз: Басты бетПациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі

Пациенттерді қолдау қызметі

Бас дәрігердің пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі бойынша орынбасары: Каюпова Гулсим Телеубаевна

Телефон нөмірі :  8(72431) 21-6-44;  87012298614; (Азанғы 08-00ден кешкі 18-00)

Пациенттерді қолдау қызметінің мақсаты – мәселелерді анықтау және медициналық қызмет көрсетудің сапасын әрі қарай жақсарту.

Егерде Сіз

- көрсетілген медициналық қызметтің сапасына көңіліңіз толмаса:

- медициналық персонал тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз

- тегін медициналық көмектің кепілдік аясында көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық персоналдың ақша бопсалау фактілеріне тап болсаңыз;

- сондай-ақ, медициналық көмек көрсетудің сапасы мен тәртібіне толғандыратын басқа да мәселелерге байланысты;

Сіз жүгіне аласыз:  Орталық емхананың  1-қабатында орналасқан №111 кабинетіне, немесе, міндетті түрде атыңыз, тегіңіз, байланыс мағлұматтарыңыз (телефон, мекенжай) көрсетілген жазбаша түрдегі өзіңіздің өтініміңізді орталықтың қабылдау бөлімі немесе тіркеу бөліміне, қабылдау бөлімінің жанында орналасқан Шағымдар жәшігіне салып кетуіңізге болады. Өтінімді шағымдар мен ұсыныстар беруге арналған бланкте рәсімдеуге болады. Бланктер медициналық тіркеушіде, қабылдау бөлімінде, Орталықтың бөлімшелерінде және қабылдау бөлмесінде болады. Сондай-ақ, Сіз біздің электронды мекен-жайымызға да жүгіне аласыз « This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ».

Сонымен қатар Облыстық медициналық орталықта орналасқан орталықтандырылған Call – орталығына 8 724 2 40 00 01 телефоны арқылы жүгіне аласыз. Және сенім телефоны бойынша – 21-6- 44.

Пациенттерді Қолдау Қызметі өтінішіңізді «қазір және осы жерде» принципі бойынша мүмкіндігінше тезірек қарайды және 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей өтінішті қарау нәтижелері бойынша ақпаратты Сізге ұсынады. Пациенттерді қолдау қызметіне емделушілер өздері, сонымен қатар олардың туыстары жүгінуге құқылы. Біздің ұйымның медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға себі тиген Сіздердің өтінімдеріңіз, ұсыныстар мен кеңестеріңіз үшін біз Сіздерге ризашылығымызды білдіреміз.

Ізгі ниетпен, пациенттерді қолдау қызметі.  

 

Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық ауруханасының әрбір бөлімшесінде емделушілерге  және олардың туған-туыстарына арналған алғыс –шағым журналы және «Сенім» жәшігі арналған. Барлық емделуші  және олардың туған-туыстары осы журналға немесе жәшікке мекеме қызметкерлеріне  деген алғыстарын немесе шағымдарын,өтініш-ұсыныстарын  жазып қалдыруына болады,журналда тіркелген және арнайы жәшікке түскен  барлық арыз-шағымдар , өтініштер үнемі  сараланып,талданып тұрады,ұсыныстарға байланысты шешімдер шығарылады. Аудандық орталық аурухананың  бөлімшелеріндегі алғыс шағым журналдарына жазылған алғыстардың  арасынан іріктеп, осы сайтқа салуды жөн көрдік. 

 

:

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІРІҢҒАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ СаІІ-ОРТАЛЫҒЫ тел: 8(7242) 40 00 01 және 1304 Алтел/Теле2арқылы тегін

СаІІ-орталығының міндеттері: 
- Облыс тұрғындарына кез-келген медициналық анықтамалық және медициналық қызмет түрлері туралы сұрақтарына жауап беру;
- Жалпы медициналық көмектің сапасы жайында, арыз-шағымдар мен басқада медициналық өтініштерді тиісті мекемелерге телефон желісі арқылы жеткізу;