OT Family Doctor - шаблон joomla Продвижение

Сенім телефоны: 8 (72431) 21-6-44

demo

Сіз мындасыз: Басты бетПАЦИЕНТ ҮШІНЭтикалық кодекс

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Амбулаториялық емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық ауруханасы» МКҚК этикалық кодексі

Кіріспе

I. Корпоративтік  құндылықпен  «АЕҚБ  Жалағаш АОА» МКҚК  жұмысының  кағидалары  

II. Тәртіп стандарттары

1) «АЕҚБ Жалағаш АОА»  МКҚКқызметкерлерінің  кәсіптік  белсенділігінің  негізі.

2) Тиым салынатын әрекеттер

3) Қызметкерлердің   тәртібі мен өзара қарым-қатынас  ережелері

4) Өзара әрекеттер, өзара  жауапкершілік

5) Басшылар мен  қызметкерлерге арналған  ережелер

6) Құпия сақтау                                      

7) Сый-сияпат  және басқа пайда

8) «АЕҚБ Жалағаш АОА» МКҚК-ның жеке-меншігімен ресурстарын қорғау

9) Корпоративтік  стиль

ІІІ. «АЕҚБ Жалағаш АОА» МКҚК-ның  сыртқы тұлғалармен  қарым-қатынасы

1)  Емделуші және оның құқығы

2) «АЕҚБ Жалағаш АОА» МКҚК қызметкерлер құрамы.

3) Қоғам

ІV. Кодексті қолдану

V.  Қорытынды  қаулы

 

 

                                                      Кіріспе

      Этикалық кодекс – Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Амбулаториялық емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық аурухана»  МКҚК (әрі қарай «АЕҚБ Жалағаш АОА» МКҚК)   қызметкерлері ұстанысқа алатын, ұжымдағы анықталған норма кешені.

     Этикалық кодекс ұжымдағы адамара қатынасты реттейді,   адамдардың  біріккен іс-әрекеттеріне  моральдық  мағына береді.  Этикалық кодекстің құрылуының мақсаты,  мекемеге оңтайлы  көзқарас  туғызу болып келеді.

     Аталған құжаттың тағы бір маңызды  мақсаты, ұжымдағы әрбір қызметкердің  қызметтестерімен науқастарға деген  қарым қатынасына «дұрыс» бағыт беру.

 

І. Корпоративтік құндылықтармен  «АЕҚБ Жалағаш АОА» МКҚК жұмысының қағидалары

Борышы (миссиясы) :

Уақытылы, сапалы және қауіпсіз медициналық көмекті жеткілікті көлемде көрсету.

    

Мекеме құндылықтар жүйесі:

         •         Науқас -  назар ортасында 

•         Қауіпсіздік

•         Жауапкершілік                                

•         Алқалылық

•         Мөлдірлік 

•         Кәсіпкерлік

Науқас -  назар ортасында  – жоғары сапалы қызмет көрсету мақсатында әр науқастың  сұраныстарын  бағалау.  Науқастың  ары мен  жеке тұлғасын сыйлау.

Науқас – қауіпсіздігі - сапалы  медициналық көмектің  маңызды  құрам бөлігі.  Оның мақсаты  науқасқа ем алған уақыттағы зиян келтіру жағдайларын   барынша  төмендету. Медициналық көмектің сапасы,  жеке тіршілік иесіне көрсетілетін медициналық кызметтің  және популяция  кезіндегі  денсаулық жағынан күтілетін оңтайлы қорытынды, ағымды   кәсіпкерлік  білімнің сәйкестігі.    

Жауапкершілік  – қабылданған   қағидалар  мен  жоғары стандарттарды ұстану,  науқастарға,  ұжым арасында  жоғары сенімділік пен  адамгершілік көрсету.

Алқалылық – ынтымақтастық  және әр кезде  өзін-өзі  тексеру,  жауапкершілік  пен  жұмыс көлемін негізге ала отырып,  сенім жүйесін құру.

Мөлдірлік -  жеке және ұжым қарым қатынасында  адалдық пен адамгершілік принциптерін негізге алу.

Кәсіпкерлік -  науқас және ұжым  үшін  өзіңнің бар білімің мен мүмкіншілігіңді,   тәжірибеңді,  білім алу және өрісіңді кеңейту  жолын негізге ала отырып,  жоғары көрсеткіштерге жету.  Ұжым мәдениетінде оның ұйымдастыруының  негізгі қағидалары  бар. Оның бірі -   жеке тұлғалықтан ұжымдылықтың басымдылығы.   Бұл қағидалар шынайы, тарихи құрылған.

     «АЕҚБ Жалағаш АОА» МКҚК  ұжым  мәдениетінің негізі  Халықаралық дәрігерлік деонтология кодексінде және ҚР Дәрігерлерінің  антымен қаланған.  «АЕҚБ Жалағаш АОА» МКҚК  ұжымы  бір бүтін қоғам,  әрбір қызметкердің жұмысы  науқастың  денсаулығы мен хал-жайымен тікелей байланыста екенін  түсіну.

     «АЕҚБ Жалағаш АОА» МКҚК - науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсететін,  заманауи жабдықталған,  медициналық  қажеттіліктерге кешендік  шешімі бар ірі, көпсалалы мекеме.

ІІ. Тәртіп стандарттары

1. «АЕҚБ Жалағаш АОА» МКҚК  қызметкерлерінің  қәсіптік әрекет негізі

     «АЕҚБ Жалағаш АОА» МКҚК  ұжымының  қызмет атқаруы – қоғам және  мемлекет  атынан берілген  сенім,    моральдық-этикалық келбетімен  өнегеліктілігіне қойылатын   жоғары талап.      

     «АЕҚБ Жалағаш АОА» МКҚК  қызметкерлері  барлық білімін, күш-жігерін,  тәжірибесін  кәсіптік  әрекеттеріне жұмсап,  өз ісіне, Отанына, Қазақстан Республикасына   адал және  риясыз  қызмет  атқаратынына қоғам  сенімді.

     «АЕҚБ Жалағаш АОА» МКҚК  қызметкерлері  Қазақстан Республикасының  Заңнамасын,  ізгілік пен  мейрімділікті өз жұмысында негізге алады.

        Өз қызметінде қызметкерлер міндетті:

·  Өзінің біліктілігі, қызметтік нұсқамамен  міндеттемелері бойынша, бөлінген  ресурстар бойынша,  сапалы және қауіпсіз медициналық көмек  көрсетуді қамтамасыз етуге, оның ішінде моральдық жауапкершілікке жауапты;

· Жынысына, жасына, ұлты мен нәсіліне, тұрғылықты жеріне, әлеуметтік мәртебесіне,  діні мен саясатына, медицинаға енбейтін ықпалға қарамастан,  әрбір адамға медициналық көмек көрсетуге;

·  Медицина қоғамы қатарының тазалығын сақтауға,  қызметтестерімен қатар өзінің қателерін риясыз сараптауға;

· Науқастардың денсаулығына зиян келтіретін,  кәсіби дайындығы жоқ,   жауапсыз қызметкерлердің тәжірибесіне тосқауыл қоюға;

·  Өзінің ісімен  мекеме беделін көтеруге, оның мүдделерін қорғауға,  «АЕҚБ Жалағаш АОА» МКҚК  қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтірмеуге;

·  Науқастардың заңды  мүдделері  мен бостандығын, құқығын қорғауға.

     

2. Тиым салынатын іс әрекеттер

·  Қате жіберген  немесе науқаста  болжамсыз  асқынулар пайда болған  жағдайында, бөлімше басшысын немесе  өзінен үлкен маманды  хабардар ету керек, олар  жұмыс орнында болмаған жағдайда,  мекеме әкімшілігіне  хабар беріп, жұмыс орнында, нұсқау күтпей, орын алған  қателіктің салдарын алдын-алу іс-шараларына кірісу  керек. Керек болған жағдайда  басқа мамандарды, болған жағдайды жасырмай, хабардар етіп,  іске қосу қажет.

 · Болған жағдайлар басқа дәрігерлердің клиникалық тәжірибесінде    қайталанбау мақсатында,  орын алған қателерді тиянақты сараптап, басшылар және қызметтестерімен  талқылану  керек.

·  Қызметтік  міндеттерін орындау барысында,  қызметкерлер салауатты өмір салтын  ұстану керек, жат мінез  білдіруге себеп болатын препараттардан аулақ болу керек.

.  Қызметкерлер тарапынан болатын,  қызметтік этикаға қарама-қайшы келетін  жағдайлардың алдын алып, оларға қатаң тиым салу керек.

·  Қызметтік ақпаратты  теріс мақсатта пайдалануға жол бермеу қажет;

·  Медицина персоналы  науқасты  қауіп қатерден сақтауға міндетті, яғни   өз білімін  теріс пиғылда пайдалануға болмайды.  Емдеу барысындағы жағдайда әрбір дәрігер  «Non nocere» өсиетін басщылыққа алады.

     

      3. Қызметкерлер   тәртібі мен    өзара қарым-қатынас  ережелері

·  Өзінің  ісіне  көз-қарасымен,  өз тәртібімен, ұжымда  тұрақты және оңды  моральдық-психологиялық  жағдайының тұрақталуына  өз үлесін қосу;

·  Арыз-шағымдар  қаралу барысында бюрократизм мен  уақыт создыру жағдайларын болдырмау,  көрсетілген мерзім бойынша  қажет  шаралар қолдану;

·   Өз істері мен  шешімдері барысында,  қоғам жағынан  негізделген  сынауға жол бермеу,  айтылған сынақ үшін -   қуғыншылыққа жол бермеу, оған шыдамдылық таныту,  сындарлы  сынақты  кемшіліктерді жоюға және  өз кәсіби қызметін жақсартуға пайдалану;

 ·  Қызметкерлер қарым-қатынасы,  өзара сыйластық, сенімділік негізінде құрылып,  емделушінің мүдделерін қорғаумен ерекшеленеді;

 ·  Медицина  қызметкері  қызметтестерімен адал,  әділетті,  мейірбанды,  өнегелі болып,  қызметтестерінің  білімі мен  тәжірибесін сыйлап, өз білімі мен тәжірибесін риясыз беруге дайын болу;

 Қызметтесіне айтылған сынақ негізделген және намысқа тимейтін  түрде жеткізілу керек. Сынаққа,  қызметтестердің жеке  келбеті емес,   кәсіби істері алынады. Басқа қызметтестердің беделін түсіру жолымен, өз  беделін  көтеруге жол берілмейді. Науқастың немесе  оның туыстарының алдында, медицина қызметкері  өз қызметтестері туралы  жат пікір білдіріп, оның жұмысын сынауға  құқығы жоқ.

.   Медицина қызметкерлер қауымы  басқа дәрігердің  кәсіби санаттылығына күмән келтіріп немесе басқа жолмен оның беделін түсіруге құқығы жоқ.

.  Ауыр клиникалық жағдайларда,  дәрігер өз қызметтестеріне  ақыл мен көмекті  сыпайы түрде беру керек. Емдеу  үдерісіне  жауапты тек қана емдеуші дәрігер болғандықтан,  дәрігер  науқастың  жағдайын есепке ала отырып,  ұсыныс  (сипаттама)  беруден бас тартуға құқылы. Дәрігер, басқа дәрігерлерден өзіне  науқастың ауысу жағдайын  туғызбау керек.

4. Өзара әрекеттер, өзара  жауапкершілік

         «АЕҚБ Жалағаш АОА» МКҚК ұжымы -  бұл біріншіден бар күш-жігерін   өз ісіне беретін,  тығыз байланыстағы  адамдар ынтымақтастығы, еңбек нәтижесінің басты  шарты - бірлік,  достық,  тығыз байланыс. Ұжымдағы қалыпты достық қарым- қатынас  нақтыланған негізде құралады. Бұның мінездемесі - жалпы шығармашылық мақсат сәйкестілігі, өзара сыйластық,  қызметтестер арасындағы сенім. «Бәрі   іс пайдасы үшін, бәрі  науқас мүддесі үшін». Ұжымдағы қарым-қатынас, қызмет дәрежеден тыс, тепе-теңдік  негізінде құрулы қажет. Ұжымдағы өзара қарым-қатынас бірінші кезекте  нақты білім, әрбір қызметкердің  бекітілген  қызмет  міндеттемесін  адал орындауында. Бұл ұжым алдына қойылған тапсырмалардың орындалуына кепілдік  және  өзара этикалық қарым-қатынастағы бір – біріне  сыйластық пен шыдамдылық.

 

 5. Басшылар  мен  қызметкерлерге арналған  ережелер  

. Медицина  қызметкерлерін  басқарудағы моральдық құқық  кәсіби құзыреттілік  пен  жоғары  адамгершлікті талап етеді.

. Басшы этикасы  саяси-идеялық, ұйымдастырушылық,  іскер және моральдық-психологиялық қасиетті талап етеді. 

.  Басшы адамдарды  ой-пікірімен, өзінің энергиясымен қуаттандырып, ұжым алдына нақты  тапсырма қойып,  оның орындалуын   қатаң талап етеді. 

.  Ол  сыпайы, ақ пейілді,  талап қоя білетін,  ұстамды болуға міндетті.

 

6.  Құпия сақтау

  Бүгінгі күнде «Дәрігер  құпиясын»  сақтау   өте  өткір де күрделі мәселе.

1.  Әрбір науқас  жеке құпясының  сақтаулына талап етуге құқығы бар.  Дәрігер, емдеу процессіне қатысатын басқа қызметкерлер,  науқас қайтыс болғаннан кейін де «дәрігер құпиясын» сақтау қажет, науқастың  арнайы тапсырмасы болған жағдайда,  медициналық көмекке жүгінгені туралы  мәліметті хабарлауға  тиым салынады.

2.  Науқастың (диагноз,  емдеу тәсілдері,  болжамы және т.б.) қаралу және емдеу  процесіндегі барлық   мәлімдемелерінде құпиялылық сақталады.    

3.  Науқас жайлы медициналық мәлімет төмендегі жағдайларда  ғана ашылады:

      . науқастың  өз қолымен,  анық жазылған келісімі бойынша;

      . сот, прокуратура, іс қозғау, тергеу мекемелерінің  негізделген  сұранысы бойынша;

      . құпияны сақтау науқастың немесе басқа адамдардың  денсаулығына, өміріне қауіп төндірген жағдайда ( қауіпті жұқпалы  аурулар);

      . науқастың еміне басқа мамандарды шақырғанда, оларға бұл мәлімет  кәсіби керек болған жағдайда;

4.  Науқасты емдеуге қатысатын қызметкерлердің  кәсіби құпияны сақтауын, емдеуші дәрігер  қадағалау керек.

5. Медициналық мәліметті пайдалануға құқығы бар  қызметкерлер, науқас жайлы алынған барлық мәліметті  құпияда сақтау  керек.

 

                         7. Сый-сияпат  және басқа тиімділік

«АЕҚБ Жалағаш АОА» МКҚК қызметкерлеріне  өзінің кәсіби қызметіне науқастардан немесе науқастың туыстарынан  сый-сияпат талап ету ретсіз.

      Медицинадағы жемқорлық жағдайлар  қоғамда қатты толғаныстар туғызады, өйткені  жемқорлық адамның ең терең сезімімен байланысты -  өзінің немесе  өзіне жақын адамдардың денсаулығы мен өміріне деген қамқорлық. Жемқорлықпен байланысты болған әрбір жағдай қоғам  пікірін   қатты толғандырады, бұл жағдай  заңды түрде  сотпен қатаң  жазаланады.  Медицина қызметкерлері жайлы, «Ақ халатты абзал жандар» деген  талапты  сөйлем  қолданылады, бұл сөйлеммен дәрігерлердің   тазалығы айтылған.   

       

 8. «АЕҚБ Жалағаш АОА» МККҚ -ның жеке-меншігімен ресурстарын қорғау

    - қазына мүлігін, медицина техникасын сақтау;

    - жоғары технологиялық жабдықтарға аса назар аудару;

    - автотасымал мен  қатты және жұмсақ инвентарьдың  қолдану мерзімін қатаң сақтауға;

    - техника қауіпсіздігі мен  өрт  қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға,  жабдықтау  жүйелерінде апат жағдайлар туғызуға жол бермеу; 

    - ғимарат  пен  аула  безендірілуіне  назар аудару - бұл әрбір «АЕҚБ Жалағаш АОА» МКҚК   қызметкерінің  міндеті.

 

9. Корпоративтік стиль 

    Бүгінгі күні «АЕҚБ Жалағаш АОА» МКҚК  Жалағаш ауданының  бірден - бір  медицина мекемесі  болып есептеледі.  Бізді алдымызда өте жауапты жұмыс күтуде,  оған  жеке әр қызметкер  және ұжым болып  мақсатты түрде жұмыс атқаруымыз керек.   Тек қана осылай қол жеткізген  табысты одан әрі  ұлғайтып,  жетілдіре аламыз.  Біздің қай жерде тұрғанымыз маңызды  емес,  қандай  бағытта  бара жатқанымыз маңызды . Бұл жұмыстың соңғы қорытындысы  -   науқасқа  көрсетілетін   медициналық көмектің сапасын  халықаралық   стандартқа жеткізу. 

      

ІІІ.  «АЕҚБ Жалағаш АОА» МКҚК - ның  және сыртқы тұлғалармен   қарым-қатынасы

1. Емделуші және оның құқығы

  ·  Медицина қызметкерлер құрамы емделушінің қадір қасиетін сыйлап,  оған және оның жақындарына жылы назар аударып, шыдамдылықпен қарау керек.   Медицина қызметкерінің  емделушіге дөрекі-жат мінез көрсетуге,  адамдық қасиетін таптауға, өзін науқастан  жоғары санауға, бір науқастың дәрежесін   басқа науқастан жоғары  көтеруге, науқасты  жақтырмайтын қылық көрсетуіне   жол берілмейді.

  · Науқастың жағдайына жақындары мен туыстарының  алаңдауын түсіністікпен қабылдайды, бірақ  науқас  пен  оның отбасы мүшелерінің жеке өміріне  кәсіби  қажеттілік болмаған жағдайда  араласуға болмайды.  

  ·  Емделуші өзінің денсаулығы жайлы  толық мәлімет алуына және сонымен қатар мәлімет алудан  бас тартуға  немесе өзінің денсаулығы жайлы  мәліметті  хабарлайтын адамды өзі тағайындауға құқылы.

 · Егерде мәлімет, емделушінің денсаулығына қауіп келтіретін болса, онда мәлімет емделушінің назарынан тыс қалдырылады. Емделуші өзінің  денсаулығы туралы мәліметке  алуға табанды талап қойған жағдайда,  дәрігер  оған толық мәлімет беруге міндетті. Егер емделушінің денсаулық болжамы ауыр  болған жағдайда,  оған бұл жағдайды баппен,  байқап түсіндіріп,  өмірінің жалғасуына үміт бар екеніне  сендіру керек.   

·  Емделуші  өзінің келісімін саналы жеткізе алмаған жағдайда,  оны заңды тұлғасы немесе қамқоршысы  білдіреді.

·  Медицина қызметкерлер құрамы науқастың  дәрігер  таңдаудағы  және  жүргізілетін емдеу – профилактикалық істеріне қатысу құқығын сыйлау қажет.  Дәрігер науқастың келісімін,   емделушімен жеке әңгімеден кейін  алады.  Бұл келісім саналы болу керек, науқасқа көрсетілетін  емдеу тәсілдері, ем қолданғаннан  кейін болатын  жағдайлар, көбінесе болатын асқынулар   және басқа қолдануға болатын ем-тәсілдері   туралы   толық мәлімет алу қажет. Науқастың өмірімен  денсаулығына қауіп төніп,   жағдайын толық анықтай  алмаған жағдайда, науқастың  келісімінсіз  емдеу-диагностика шараларын  қолдануға болады. Бұндай шешімді  коллегиалды шешкен  оңтайлы.  

· Бала емдеу барысында дәрігер  оның ата-анасын немесе қамқоршысын емдеу тәсілдерімен,  емдеуге қолданатын дәрі-дәрмек жайлы  толық хабардар етіп, емдеуге келісімін алады.

2. АЕҚБ Жалағаш АОА қызметкерлер құрамы

·    Еңбек тәртібін қатаң сақтап, өзінің  қызметтік борышын   адал,  риясыз, сапалы атқарып,  өз жұмыс уақытын тиімді қолдану;

·  Әрдайым өзінің кәсіби деңгейін,  білімін, бағдары мен білгірлігін    жетілдіріп отыру;

·  Қызметтік борышын орындау барысында,   нақтыланған  киім үлгісін ұстану;

 

Медицина қызметкер құрамының құқығы жоқ:

·    Өз білімі  мен  жағдайын адамгершіліке жатпайтын істерге  пайдалануға;

·    Негізсіз медициналық шаралар қолдануға  немесе  көмек көрсетуден бас тартуға;

·  Бөгде  кісілердің мансабына  немесе   науқасты жазалау мақсатында  медициналық қызметтерді  пайдалануға;

· Емделушіні өзінің  философиялық, діни  және  саяси көзқарасын насихаттауға;  

·  Медицина қызметкерлер құрамының өмірге деген жеке көзқарасы және басқа қызметтік емес сылтаулары диагностика және ем  барысына әсерін тигізбеу керек;  

·  Емделушінің ақылы қызметтен бас тартуы,  сапа мен  қолжетімді қызметке,  медициналық көмектік мөлшері мен  түріне, Қазақстан Республикасы заңнамасымен  бектіліген,    мемлекеттік  шеңберде берілген  тегін  кепілдікке қарама-қайшы келмеу керек;

· Медицина қызметкерлер  өзінің  қызмет  бабын,  науқастың сезім  жағдайын пайдаланып  мүліктік  келісім шартқа отыруға,  жеке мансапта оның еңбегін пайдалануға және  жемкқорлық іс-әрекеттеріне  құқығы жоқ.   

· Медициналық қызметкерлер  құрамының  құқығы мен міндеті -  кәсіби  егемендігін сақтау.  

· Барлық адамға медициналық көмек көрсете отырып,  медициналық қызметкерлер құрамы  өзіне толық кәсіби  жауапкершілік артады, сондықтан  емделуші мен  одан басқа кісілер жағынан болатын басымшылдыққа тосқауыл қоя білу керек.   

· Медицина қызметкерлер құрамы,  Қазақстан Республикасының заңналамарына, қызметтік борышына,  этикалық негіздерге қарама-қайшы әрекеттер   талап еткен жағдайда,   әрбір  жеке меншік немесе заңды тұлғамен  бірлесіп жұмыс істеуден бас тарту қажет.

 

3. Қоғам

·  Қоғамдық жұмысқа, әсіресе салауатты өмір салтын  насихаттайтын  қоғамдық шараларға белсене   қатысу;

· Қазақстан  халқының  ынтымақтастығының күшейюіне  және ұлтаралық келісімге  өз  үлесін қосу;

· Жеке ісімен  салауатты өмір салтын насихаттау -  спортпен шұғылдану,  дұрыс тамақтану,  әр-түрлі алдын-алу тексерулерден өтіп тұру;

·  Әр түрлі діни және конфессия  өкілдеріне төзімділікпен   қарау;

ІV. Кодексті қолдану

Нақты  Кодекс қызметкерлер қауымының  (медициналық  және  басқа жұмысшылар) кәсіптік белсенділігінде, науқастарға  мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек  көрсету барысында  қолдану үшін арналған.    

V. Қорытынды  қаулы

«АЕҚБ Жалағаш АОА»МКҚК Этикалық кодексі (әрі қарай Кодекс), этикалық негіздердің және  медициналық  қызметкерлер қауымының  кәсіби медициналық   белсенділігінің  бірлескен  қалпы болып табылады.

Нақты Кодекс  медицина қызметкерлер қауымы, қоғам және емделушінің ара-қатынасын нақтылап,  адам және бүкіл қоғамның   құқығын, арын,  денсаулығын  қамтып,  медицина  қызметкерінің  қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін анықтайды.

Нақты Кодекстің  барлық «АЕҚБ Жалағаш АОА» МКҚК қызметкерлеріне  бірдей міндетті күші бар.

 

Кодексті қабылдау

Кодекс  «_____»___________20___ж.  Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Амбулаториялық емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық аурухана» МКҚК   жалпы ұжым жиналысында  қабылданды.

Нақты Кодекске өзгертулермен қосымшалар  Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының  «Амбулаториялық емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық аурухана»  МКҚК жалпы ұжым жиналысының шешімі негізінде енгізіледі.  

:

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІРІҢҒАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ СаІІ-ОРТАЛЫҒЫ тел: 8(7242) 40 00 01 және 1304 Алтел/Теле2арқылы тегін

СаІІ-орталығының міндеттері: 
- Облыс тұрғындарына кез-келген медициналық анықтамалық және медициналық қызмет түрлері туралы сұрақтарына жауап беру;
- Жалпы медициналық көмектің сапасы жайында, арыз-шағымдар мен басқада медициналық өтініштерді тиісті мекемелерге телефон желісі арқылы жеткізу;