Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығы бойынша
Алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандарын үйге шақыртып қызмет көрсету үшін көрсетілімдер мыналар болып табылады:
1) пациентке өз бетімен МСАК ұйымдарына баруға мүмкіндік бермейтін жіті ауырсыну жағдайы;
-дене қызуының 38 Цельсий градустан жоғарылауы;
-жай-күйінің айқын бұзылуы бар артериялық қысымның жоғарылауы;
-бірнеше рет қайталанып іштің өтуі;
-қозғалысы шектелген омыртқаның және аяқ буындарының қатты ауырсынулары;
-бастың айналуы, қатты жүрек айнуы, құсу;
2) пациенттің өз бетінше емханаға баруына мүмкіндік бермейтін созылмалы ауырсыну жағдайлары (онкологиялық аурулардың ауыр ағымы, (I – II топтағы) мүгедектік, сал болу, аяқ-қолдың парезі);
3) айналасындағыларға қауіп төндіретін жіті инфекциялық аурулар;
4) тасымалдауға болмайтын пациент;
5) МСАК ұйымдарының жұмыс уақытында жедел медициналық жәрдем станциясынан берілген шақыртуларға қызмет көрсету.