OT Family Doctor - шаблон joomla Продвижение

Сенім телефоны: 8 (72431) 21-6-44

demo

Сіз мындасыз: Басты бетПАЦИЕНТ ҮШІНАзаматтардың жедел медициналық көмек қызметіне хабарласу ережелері

Азаматтардың жедел медициналық көмек қызметіне хабарласу ережелері

«103» қалалық телефоны арқылы жедел медициналық көмек (ЖМК) келесі жағдайларда шақырылады:

1) Қайғылы оқиғалар, жарақаттар немесе уланулар;

2) Науқастың немесе оны қоршаған адамдардың өмірі мен денсаулығына қатты зиян келтіретін аурулардың өршуі;

3) Босану немесе жүктілік өтуінің асқынуы;

4) Жедел коронарлы синдромы.

Осындай жағдайларда кідірмей жедел медициналық көмек қызметіне хабарласыңыз! (ЖМКҚ).

Ескерту: одан басқа, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің мамандарына хабарласумен қатар, ЖМКҚ қызметкерлері ауруханаға шұғыл жатқызуды қажет ететін емделушілерді ауруханаға жеткізуді жүзеге асырады. 

Қазақстан Республикасы азаматтарына, Қазақстан территориясында тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға жедел медициналық көмегі тегін көрсетіледі.

ЖМК қызметінің мамандары үйге шақыруға келесі жағдайларда келмейді:

1) Амбулаториялық-емханалық ұйымдар жұмысы кезінде жедел медициналық көмекті қажетсінбейтін науқастың үйіне;

2) Емдеуші дәрігер жазған процедураларды орындауға (венаға инъекция егу, бұлшықетішілік инъекция егу, теріастылық инъекция егу, қан құрамындағы қантты және т.б. анықтау);

3) Шұғыл госпитализацияны қажетсінбейтін жоспарлы науқастарды тасымалдауға;

4) Соттық-наркологиялық және медициналық сараптама түрлерін өткізуге;

5) Медициналық ұйымдарға кеңес беру көмегін көрсетуге;

6) Стационардан шыққан науқастарды үйлеріне жеткізуге;

7) Өлім жағдайларын куәландыруға;

8)  Науқасқа созылмалы аурулар кезінде, әртүрлі аурулардан белгіленген емдеуді (венаға инъекция егу, бұлшықетішілік инъекция егу) манипуляцияларды орындауда емханаға тұру орны бойынша медициналық көмекке хабарласуы қажет.

Ескерту:

1. Жұқпалы аурулардың (мысалы: тұмау, гепатит, қызылша және т.б.) алдын алу және өз денсаулықтарын сақтау мақсатында аудан тұрғындарына тұру орны бойынша емханалардан алдын алушылық екпе егулерді алу қажет.

2. Жедел медициналық көмек қызметінің мамандары соттық-медицналық шешімдер, маскүнемдікті куәландыратын актілерді, жұмысқа уақытша жарамсыздық парақтары мен анықтамаларды бермейді.

Азаматтардың «103» телефоны арқылы жедел медициналық көмек қызметіне хабарласуының ережелері:

№ 1 Ереже

Телефон шалушы науқастың нақты мекен-жайын, сондай-ақ үйге қалай тезірек жетудің жолын түсіндіруі керек. Сонымен қатар, жедел медицина көмегі қызметкерінің емделуші туралы барлық сұрақтарына мүмкіндігінше толығырақ жауап беруі керек.

№ 2 Ереже

Диспетчермен сөйлескеннен кейін бірнеше минут өткен соң үйдегі адамдардың біреуі сыртқа шығып (егер жағдай сыртқа шығатындай, қандай-да бір әрекеттер жасауға  мүмкіндік берсе), «жедел медицина көмек» қызметкерлерін қарсы алғаны жөн. Бұндай әрекеттерді әсіресе кешкілік және түнгі уақытта істеген жақсы. Біріншіден, бригада келуін жылдамдатады, екіншіден, ЖМК қызметкерлері үшін «қорғану кепілдігін» береді. 

№ 3 Ереже

Шақыру орнына келген «жедел медицина көмек» қызметкерлеріне, олардың жұмыстары тиімді болу үшін жағдай жасау керек.

Біріншіден, науқасты бөтен адамдардан оқшаулау керек. Жедел медицина көмегіне жүгінуді тудырған себептерді нақты анықтау керек, сондай-ақ ЖМК бригадасының келуіне дейін емделушінің шағымы мен жүріс-тұрысы туралы мәлімдеу керек.

Сонымен қатар, егер науқас созылмалы аурулармен ауыратын болса, алдын ала ЖМК бригадасының келуіне дейін қолда бар ауру динамикасы тіркелетін барлық құжаттарды (емханалық амбулаториялық карта, ауру тарихының жазбалары, кардиограммалар және т.б.) дайындап, жедел медициналық жәрдем қызметкеріне көрсету қажет. 

№ 4 Ереже

Емделушіні ауруханаға жатқызу жағдайында, оны тек бір туысы немесе танысына ғана шығарып салуына рұқсат етіледі.

Ескерту: жедел медицина көмек бригадасын себепсіз шақырған немесе диспетчерге жалған ақпарат берген тұлғалар Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңдылығына сәйкес жауапқа тартылуы мүмкін.

:

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІРІҢҒАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ СаІІ-ОРТАЛЫҒЫ тел: 8(7242) 40 00 01 және 1304 Алтел/Теле2арқылы тегін

СаІІ-орталығының міндеттері: 
- Облыс тұрғындарына кез-келген медициналық анықтамалық және медициналық қызмет түрлері туралы сұрақтарына жауап беру;
- Жалпы медициналық көмектің сапасы жайында, арыз-шағымдар мен басқада медициналық өтініштерді тиісті мекемелерге телефон желісі арқылы жеткізу;