Бүгін 1-маусым "Балаларды қорғау күніне" арналған іс-шара
Бүгін 1-маусым "Балаларды қорғау күніне" орай аурухананың мәжіліс залында бас дәрігер Е.Мақсұтов, бас дәрігердің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары А.Сүлекеева және бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Г.Каюпованың қатысуымен, бастауыш кәсіподақ ұйымы ұйымдастыруымен балаларды құттықтау іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға келген балаларға бастауыш кәсіподақ ұйымы атынан сыйлықтар табыс етілді. Бас дәрігердің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары А.Сүлекеева ата-аналарға ізгі лебізін білдіріп, тілек айтты.
Мейрам жалғасы аурухананың балалар бөлімі мен жұқпалы аурулар бөлімінде ем қабылдап жатқан балаларға сыйлық табыс етумен жалғасты. Іс-шараны ұйымдастырушылар ата-аналарға тілектерін жаудырып, балаларды мейрамдарымен құттықтады.