Туылған күні тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келген сәбиіміздің бауы берік, болашағы жарқын болуын тілейміз.
Еліне елеулі,халқына қалаулы азамат болып,ата-атасының қуанышына өсе берсін.
Тәуелсіздік күні дүние есігін ашар батырларымыз бен аруларымыз көбейе берсін.
Сәби Жалағаш аудандық ауруханасының, перзентхана бөлімшесінде ,16-желтоқсан күні сағат 00:15 те дүниеге келген.Ұл бала.
Нәрестенің салмағы- 2.695 кг , бойы- 49 см .Анасы Серикбаева Бакыткул 1986ж.т.,3-жүктілік,3-босану.
Қазіргі уақытта ананың да,баланың да жағдайы жақсы.