Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық ауруханасы «Босануға дайындық», «Жас аналар», «Отбасын жоспарлау» Денсаулық мектебі жұмыс жасайды. Денсаулық мектебіне жауапты дәрігер акушер-гинеколог Н.Каюпова және медбике қатысушыларға дәріс оқиды. Денсаулық мектебінің негізгі Мақсаты : дәрігердің пациенттерге айтқан ұсыныстарын толық орындалуын жақсарту және мотивация беру, емдеуші дәрігермен емделу, сауықтыру және алдын алу кезінде партнерлік қарым – қатынасты нығайту. 25.04.2018 жылы дәрігер мен медбике және Жалағаш аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру ортылығының дәрігері А.Бектаева және Жастар денсаулық орталығы медбикесі Б.Бектұрғанова қатысуымен жүкті әйелдерге дұрыс тамақтану, жүкті кезінде гигиена және босанғаннан кейінгі күтім тақырыптарында сабақ жүргізілді. Қатысушыларға брошюралар мен буклеттер таратылды.