OT Family Doctor - шаблон joomla Продвижение
Сіз мындасыз: Басты бетТуберкулез профилактикасы

Туберкулез профилактикасы

Туберкулез-бұл өте ауыр инфекциялық ауру.Бұл ауруды туберкулездік таяқша шақырады(Кох таяқшасы).Ауру тыныс алу мүшесімен байланысты дегенімен,Кох таяқшасы бүйректерді,сүйекті,лимфа түйіндерін,теріні,көзді және де миды зақымдауы мүмкін.Туберкулезді ауруға шалдыққан адамнан жұқтыру оңай кейде ол ауру жануарлардан да жұғады.

Туберкулез ұзақ уақыт емдеуді қажет етеді,толық емделуге бір жылдан астам уақыт кетуі мүмкін.Сондықтан туберкулезден алдын ала сақтанған дұрыс.

Туберкулездің бірнеше түрлі профилактикасы бар.Оның кейбіреуі тек балаларға қолданылса,басқалары балалармен қатар ересектердегі аурудың алдын алуға көмектеседі.Сондықтан ауруды жұқтырмау мақсатында адамның өмір сүру салтын және негізгі профилактикалық шараларды қарастыру керек.

Туберкулез профилактикасы.

  • БЦЖ вакцинациясы

(туылғаннан кейін 2-3 күні жасалады)

  • БЦЖ ревакцинациясы

(бала 7 жасында жоспарлы жасалады)

  • Науқаспен қарым қатынаста болғандар мен инфицирленгендерге химиопрофилактика жүргізу
  • Туберкулезбен ауырып жазылғандарға рецидивке қарсы ем жүргізу

 

Балаларға жүргізілетін профилактика.

Балаларға жасалатын профилактикалық шаралардың негізі-вакцинациялау болып табылады.Қазіргі таңда  ата аналардың вакцинациялардан бас тартуы жағдайы жиі кездесуде,соған қарамастан балаға вакцинация жасау балның болашақта туберкулезбен ауруын алдын алуына байланысты жасалу қажет.Ойткени өсіп келе жатқан ағзаның туберкулезге шалдығуы бүкіл өмірге мүгедектікке шалдығуға алып келуі мүмкін.Сол үшін нәрестеге вакцинация жасатудан бас тартпау қажет.

Вакцинацияны туылғаннан кейін 5-7 күнге дейін жасайды,сондықтан ол екпе перзентханада жасалады.

Алайда перзентханада жасалған екпенің бүкіл адам өміріне жеткіліксіз болуына байланысты қосымша вакцинацияны баланың 7 жасында,14 және 17 жасалынады.Екпе алдында балада инфецирлену бар ма соны тексереді.Ол Манту сынамасы деп аталады.Егер реакция өте жоғары болса бала фтизиатр дәрігеріне есепке тұрып денсаулығын бақылауды қажет етеді.Вакцинация Манту сынамасы теріс мәнді болған жағдайда ғана жасалады.

Бала ағзасындағы кез келген дел –салдық екпенің бала жазылғанға дейінгі уақытқа ауыстырылуын қажет етді.17 жастан кейін вакцинация тек көрсеткіштер бойынша жасалады.

 

Ересектерде жүргізілетін профилактика.

Әрбір адам міндетті:

1.Ретті түрде флюорографиялық зерттеуден өтуге.Бұл зерттеуден әрбір адам жылына бір рет өтуі қажет.Адамдардың көпшілігі артық сәулеленуден қорқып тексеруден бас тартады.Бірақ ФГ түскендегі сәулелену дозасы туберкулезге шалдығудан көп зиян келтірмейді.

2.Салауатты өмір салтын сүріп,спортпен айналысу қажет.

3.Дұрыс тамақтану қажет.Консерванттарға концентраттарға толы тамақ емес,Құнарлы витаминге бай тағамдарды қабылдау қажет.

4.Жеке бас гигиенасын сақтау.

5.Алкогольді ішімдіктер ішу мен темекі шегуден аулақ болу.

 

Бұл профилактика жолдары науқас туберкулез жұқтырған жағдайда да өз септігін тигізеді.Яғни алғашқы сатыларында анықталып ерте емделуге мүмкіндік туады. 

Ересектер әрқашан бала туберкулезге қарсы екпе алған жағдайда да ,балаға жақсы өмір сүру жағдайын жасап туберкулезді жұқтырудан сақтау қажет.

Уақытылы флюорографиялық тексеруден өту арқылы ересек адамдар өзін ғана туберкулезден сақтап қоймай балаларына да туберкулез жұғуының алдын алады.Сонымен қатар үйге жиі, хлорлы ылғалды тазалау жүргізіп,көрпелер мен жастықтарды күнге жайып тұру қажет.

:

Құрметті сайт қонақтары !Сіздер egov.kz порталы арқылы емханаға тіркелу,дәрігерді үйге шақырту,дәрігерге алдын ала жазылу қызметтерін қолдана аласыздар.Бұл арқылы сіз өз уақытыңызды үнемдейсіз.

Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, Мырзалиев к-сі №69 Байланыс телефондары: 8 (72431) 21-5-51 | 8 (72431) 21-6-45