OT Family Doctor - шаблон joomla Продвижение
Сіз мындасыз: Басты бетДиагностикалық зерттеулерге дайындық

Диагностикалық зерттеулерге науқастың дайындығы

Спирографиялық зерттеуге дайындық

Спирограф медициналық аппаратына зерттеу аш қарынға жүргізіледі, зерттеу алдында науқас 1 сағат кем дегенде (15-20 минут) жатып тынығу керек.Зерттеу алдында темекі шегуге, кофе,шай ішуге болмайды.

ЭХО-КГ- Эхо кардиограф зерттеуге дайындық

ЭХО-КГ медициналық аппаратына зерттеу үшін арнайы дайындық қажет етілмейді.

Өзіңізбен бірге: 3 ай бұрынғы ЭКГ қорытындысын және алдыңғы зерттеулер нәтижелері, қағаз сүлгі әкелу.

Ескерту:Тексерілу алдында шомылып келу.

Холтеровское мониторирование (ХМ КГ)

Өзіңізбен бірге: 6 ай бұрынға ЭКГ қорытындысын, ЖИА және инфаркттан кейінгі кардиосклероз диагнозы қойылған науқастарға -1 ай бұрынғы ЭКГ-қорытындысын; Миокард инфарктысы бар науқастарға – 6 ай бұрынғы ЭХО-КГ қорытындысын алып келу қажет.

Мақтадан тігілген таза майка киіп келуі және бойы мен салмағын білуі керек. Тексерілу алдында көкіректегі түктерді қырып, шомылып келген жөн.

Электрокардиограмма ЭКГ

ЭКГ – 15-20 минуттық тынығудан кейін жүргізіледі.Тексерілу алдында тойып тамақтануға болмайды

Колоноскопия

Колоноскопия медициналық аппаратына дайындық реттілігі

1. 3-4 тәулік бұрын жеңіл тамақтану;

2. 1 күн бұрын сағат 15.00 де 50 г зәйтүн майын ішу, егер науқастың іш қаталауы болса бұл препараттарды тәулігіне 2 рет тағайындау;

3. Тексеру алдындағы кеште және ертеңгілік  диагностикалық зерттеу алдында тазалау клизмасын жасау;

4. Ем-шараны аш қарынға жүргізу.

:

Құрметті сайт қонақтары !Сіздер egov.kz порталы арқылы емханаға тіркелу,дәрігерді үйге шақырту,дәрігерге алдын ала жазылу қызметтерін қолдана аласыздар.Бұл арқылы сіз өз уақытыңызды үнемдейсіз.

Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, Мырзалиев к-сі №69 Байланыс телефондары: 8 (72431) 21-5-51 | 8 (72431) 21-6-45