OT Family Doctor - шаблон joomla Продвижение

Сенім телефоны: 8 (72431) 21-6-44

demo

Сіз мындасыз: Басты бетМЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРАқысыз медициналық жәрдем

Ақысыз медициналық жәрдем

Стационарлық көмек

-Ересектер  мен балаларға хирургия, анестезиология және реаниматология, жұқпалы аурулар, тері-венерология бөлімдерімен  стационарлық медициналық көмек;

-Ересек тұрғындарға акушерство-гинекология,терапия бөлімшелерінде стационарлық медициналық көмек.

-Балаларға педиатриялық бөлімшеде стационарлық көмек.

Бірінші медико-санитарлы көмек

-   Білікті медико-санитарлы көмек

-   Дәрігерге дейінгі көмек

Диагностика

-   Функционалды    диагностика

-   Эндоскопиялық   диагностика

-    Рентгенологиялық  диагностика

-    Ультрадыбысты   диагностика  

Лабораториялық    диагностика

-     Биохимиялық тексеру

-     Иммунологиялық тексеру

-     жалпы клиникалық тексеру

-     Серологиялық тексеру

-     Цитологиялық тексеру

Салалар бойынша үлкендерге кеңестік-диагностикалық медициналық көмек:

-    Жалпы терапия

-     Акушерлік және  гинекология

-     Жұқпалы аурулар

-     Невропатология

-     Дерматовенерология

-     Стоматология

-     Эндокринология

-     Кардиология

-     Кәсіби  патология

-     Офтальмология

-     Травматология  және  ортопедия

-     Жалпы хирургия

-     Онкология

-     Урология

-     Оториноларингология

-     Анестезиология  және  реаниматология

Салалар бойынша балаларға кеңестік – диагнсотикалық көмек көрсету:

-     Педиатрия

-     Жұқпалы аурулар

-     Невропатология

-    Оториноларингология

-     Жалпы хирургия

-     Офтальмология

-     Травматология және ортопедия

-     Стоматология

Медициналық  реабилитология

-       Емдік дене шынықтыру

-      Уқалау

-      Физиотерапия

-      Тұрғындарға стационар алмастыру медициналық көмек  (күндізгі стационар)

 

БМСК бойынша

  • Жалпы практика дәрігерінің, учаскелік дәрігер-терапевт/педиатр/акушер-гинекологтың МСАК және үйде қабылдауы;
  • Учаскелік қызмет/жалпы дәрігерлік практика бөлімшесінің орта медицина қызметкерлерінің МСАК және үйде дәрігерге дейінгі көмек көрсету;
  • Денсаулықты қорғау және нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұтымды және саламатты тамақтану мәселелері бойынша консультация беру;
  • Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарау (скринингтік зерттеулер);
  • Әлеуметтік қызметкердің МСАК ұйымдарында қабылдауы және әлеуметтік патронаж;
  • Психологтың қабылдауы: жеке және топтық консультация беру;
  • Отбасыны жоспарлау мәселелері бойынша консультация беру;
  • Профилактикалық кабинеттерде, сауықтыру мектептерінде оқыту;
  • Созылмалы ауруларды басқару бағдарламаларына сәйкес науқастарды және олардың отбасыларының мүшелерін өз-өзін бақылауға, өзіне және бір-біріне көмек көрсетуге үйрету;
  • Созылмалы аурулар бар адамдарға телефон бойынша консультация беру;
  • Жүкті әйелдерді, балаларды, оның ішінде нәрестелерді патронаждау;
  • Ауруларды және оның асқынуларын стандартқа сәйкес аурулардың созылмалы нысандары бар науқастарды динамикалық бақылау арқылы бірінші және қайталама профилактикалу;
  • Персоналмен және халықпен семинар-тренингтерді өткізуді ұйымдастыру;
  • Тістерді және ауыз қуысының шырышты қабығына күту бойынша санитариялық-гигиеналық дағдыларға оқыту;
  • Балаларға мектепке дейінгі білім беру балалар ұйымдары балаларының, орташа жалпы білім беру ұйымдары оқушыларының, жүктілік бойынша есепке тұрған әйелдердің ауыз қуысын профилактикалық тексеру,сауықтыру;
  • Жүкті және босанған әйелдерді емдеу мен патронаж;

 

1. Пациенттерге жіті және созылмалы аурулар, жарақат, улану және басқа шұғыл жағдайларда кезінде дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді.

2. Шұғыл медициналық, оның ішінде үйде көмек көрсетуді.

3. Созылмалы ауру нысандары бар адамдарды динамикалық бақылауды.

4. Ауруларды ерте айқындау мақсатында пациенттерді тексеріп-қарауды.

5. Пациенттерді «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде Емдеуге жатқызу бюросы арқылы стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 492 бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6380 болып тіркелген) сәйкес емдеуге жатқызуға жіберуді.

6. Функцияларының бұзылулары бар, тіршілік әрекеті және жұмысқа қабілеттілігі шектелген науқастарды ерте, жалғастырушы және кеш медициналық оңалтуды.

7. Денсаулық сақтау саласында уәкілетті орган белгілеген тәртіппен профилактикалық тексеріп-қараулардың барлық нысандарын (скринингілік, жұмысқа тұратын кездегі алдын ала, мерзімді, нысаналы және т.б.

8. ТМККК медициналық қызметтерінің көлемін көрсетуді.

9. Тіркелген халықты № 786 бұйрыққа сәйкес дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді.

10. Инфекциялық аурулар ошағында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізуді.

11. Науқастардың еңбекке уақытша жарамсыздығына сараптама жүргізуді, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органдарына еңбекке жарамдылық қабілетін тұрақты түрде жоғалту белгілері бар адамдарды жіберуді.

12. № 907 бұйрыққа сәйкес статистикалық есепті және есептілікті, оның ішінде электрондық форматта жүргізуді, статистикалық деректерді талдауды.

13. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана, стендтер мен көрнекі материалдарды ресімдей, сондай-ақ ауруларды профилактикалау және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша аудио-бейнематериалдарды тұрақты түрде холлдарда және күту орындарында прокатқа бере отырып ауруларды профилактикалау және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді.

14. Шұғыл және дағдарыстық ахуалдар орын алғанда өзіндік-өзара көмек көрсету әдістеріне тұрғындарды оқыту жолымен халықты азаматтар денсаулығын қорғау процесіне тартуды.

15. Мектептерді, клубтарды, қолдау топтарын, қоғамдық кеңестерді ұйымдастыру, еріктілерді және көшбасшыларды ұйымдастыруды.

16. Халықты гигиеналық оқытуды.

17. Отбасы мен ана, әке болу мен балалық шақты қорғауды, оның ішінде отбасыны жоспарлауды.

18. Қауіпсіз сумен жабдықтау және тұрғындардың оңтайлы тамақтануы жөнінде түсіндірме жұмыс жүргізуді.

19. Иммундық профилактиканы ұйымдастыру мен жүргізуді.

20. «Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына (бұдан әрі – № 685 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 болып тіркелген) сәйкес профилактикалық және скринингілік бағдарламаларды іске асыруды.

21. Тіркелген халыққа психологиялық көмек және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді.

22. Онкологиялық сақтық, туберкулезді және жыныстық жолмен берілетін ауруларды айқындау, тиісті медициналық ұйымдарға айқындалған науқастар туралы ақпаратты уақытылы беру бойынша емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізуді.

23. Емдеудің қолдау фазасында туберкулезбен ауыратын науқастарға химиотерапия жүргізуді;

:

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІРІҢҒАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ СаІІ-ОРТАЛЫҒЫ тел: 8(7242) 40 00 01 және 1304 Алтел/Теле2арқылы тегін

СаІІ-орталығының міндеттері: 
- Облыс тұрғындарына кез-келген медициналық анықтамалық және медициналық қызмет түрлері туралы сұрақтарына жауап беру;
- Жалпы медициналық көмектің сапасы жайында, арыз-шағымдар мен басқада медициналық өтініштерді тиісті мекемелерге телефон желісі арқылы жеткізу;