OT Family Doctor - шаблон joomla Продвижение

Сенім телефоны: 8 (72431) 21-6-44

demo

Сіз мындасыз: Басты бетБолашақ аналар үшін ақпарат

Болашақ аналар үшін ақпарат

Сіздің отбасыңызда қуанышты жағдай болды-сіздің отбасыңыз тағы бір жанмен толығуын күтіуде.Осы жағдайға байланысты болашақ ананы көптеген сұрақтар мазалай бастайды: «Қалай дұрыс тамақтану қажет?» « Қандай күн тәртібі сақталу керке?» « Сәбиге қандай жағдайлар кері әсер етуі мүмкүн?»  Және  ең маңызды сұрақ бұл «қашан және қайда барып есепке тұру қажет?»

Адам өз ағзасын жүктілікке дайындауы керек. Қажетті тексерулерден әйелдер де, еркектер де өтеді. Тексерулерді жүктілік болжанатын уақытқа дейін жарты жыл бұрын бастаған абзал. Жалпы тексерілу үшін терапевтке бару керек, жедел респираторлық инфекциялардың профилактикасын өткізіп, гинеколог дәрігерге қаралу қажет, стоматологиялық тесерілу керек, жүктілік болжанатын уақытқа дейін 3 ай бұрын бала көтертпейтін гормоналдық дәрілерді қабылдамау керек (спиральді алып тастау керек), ішімдіктен, темекіден бас тарту керек, дене шынықтырумен айналысып, дұрыс тамақтану және тыныш ұйқы керек.

Аумақтық емханада кепілденген тегін медициналық көмек аясында (жалпы қан, несеп анализі, ЭКГ, кіші жамбас органдарын, бүйректерді УДЗ, ЖЖБИ-ға тексерілу, RW, АИТВ тексерілу, медициналық-генетикалық кеңес алу), сондай-ақ жүктілік басталғанға дейін 3 ай бұрын нәтижеге жету үшін созылмалы ауруларды емдеу керек, жоспарланған жүктілікке дейін 3 ай бұрын 0, 001мг фолий қышқылын күніне 1 таблеткадан 4 рет қабылдау керек.

Болашақ ана жүкті болғаннан кейін өзінің тіркелген аумағы бойынша жергілікті емханада  міндетті түрде есеке тұрып бақылануы тиіс

Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және Денсаулық сақтау жүйесі» туралы кодексінің 90 бабының 2 тармағында  «Жүкті әйелдер жүктіліктің он екі аптасына дейінгі мерзімде медициналық есепке тұруға міндетті» делінген

Ана құрсағындағы баланың өсуі мен дамуына дұрыс тамақтану қажет:

  • Жүктіліктің бірінші жартысында-тамақтану -4 рет;
  • Жүктіліктің екінші жартысында-тамақтану -5-6 рет болғаны дұрыс.

Күн сайын ет-200 г, аптасына екі рет еттің орнына балық жеу керек, күніне 1 жұмыртқа, 100г-сүзбе, 50г-ірімшік және 0,5 литр айран ішу керек, күнде 300 г шикі жеміс-жидек және 600 г- шикі көкөніс, оларды кепкен жемістермен алмастыруға болады,іш қатпас үшін күнде 1 ас қасық өсімдік майын ішу керек.

Жүкті әйелдерге тазалық сақтау: таңертең бет, қол және мойынды жуып, денені дымқыл орамалмен сүрту керек; әр дәрет сындырған соң жылы сабынды сумен жуыну керек; күнсайын немесе аптасына 2 рет душ қабылдау қажет; аптасына 1 рет төсек қабын ауыстыру керек; сүт бездерін күнсайын қайнаған жылы сумен және балаларға арналған сабынмен жуу керек; жалпақ және созылған жүктіліктің соңғы 2 айында күніне 2-3 рет 3-4 минуттан  емшек ұштарын уқалау керек. 

Жүкті әйелде келесі мазасыздану белгілері пайда болса, кідірместен дәрігерге қаралу керек: іштегі қатты ауырсынулар; ісіну; 2-3 сағатқа созылатын бас аурулары; жыныстық жолдардан ағатын қанаралас шырыш; астыдан су кету; кіші дәретке барған кездегі ауырсыну мен дызылдауы;құсудың ауыр түрі; естен талу; баланың қозғалысының мүлдем болмауы немесе әлсізденуі; тері қышынуы.

Құрметті әйелдер қауымы, Сіздердің жүктіліктеріңіз жүкті әйелге қатысты тәртіпті сақтаумен, жоспарланған болуы керек.

 

Әйелге жүктілік кезінде не білуі тиіс

Жүктілікте әйел бойын қорқыныш билейді. Құрсағындағы жүрегі соққан болашақ бөбегінің дүниеге келу сәтін асыға күтеді. Жүктілік 16 жастан кіші, 35 жастан асқан әйелдерде ерекше бақылауды қажет етеді. Көктем кезінде жүкті болған әйелдер денсаулығына, тамағының нәрлілігі мен ұйқысының қанық болуына көп көңіл бөлуі керек. Күз мезгілі жүктіліктің ең қолайлы кезеңі десек те болады, адам ағзасында жазда дәрумен қоры жиналып, жүктілікке байланысты өзгерістерге үйренісу көбінесе суық айларда жеңілірек болады. Жалпы жүктілік соңғы етеккір келген күннен бастап орташа есеппен 280 күн, яғни 40 аптаға созылады.

 

Жүктіліктің 3 кезеңі: 

· алғашқы кезең – бастапқы 13 аптасында денсаулыққа немесе түрлі жағдайларға байланысты түсік қауіпі кезігеді. 13 аптада 30 грамдай ғана тартатын шарананың басы, қолы, аяғы, саусақтары мен ішкі мүшелері, тіпті тіс төмпешіктері де болады. Алғашқы апталарда-ақ оның жүрегі соға бастайды, осыншама өзгеріс пен өте тез даму қарқыны болашақ анаға күтімді қажет етеді. 1000 грамға дейін өсетін баланың кірпік, қас, тырнағы өсіп, тыныс алу әрі жыныстық мүшелері дамиды. Ең бірінші қозғалысын анасы осы кезеңде сезеді, алдағы уақытта тебуі, аунап түсуі жиілей түседі. Бұл кезеңде бойы 35 см-ге дейін жеткен нәресте ұйықтап, жұтынып, тіпті кіші дәреті пайда болады.

· орта кезең – 14-26 апталардың соңына қарай анасының дене салмағы 7-8 кг қосуы қалыпты саналады. Бұдан көп болса, дәрігермен кеңесу керек. Себебі, салмақ қосатын күндер әлі алда.

· соңғы кезең – 27 – аптадан босанғанға дейін ананың аяғы күннен-күнге ауырлай түседі, бұл кезең – баланың жатырдағы даму барысын тамамдайтын, қарқынды түрде өсетін кез. Орташа есеппен нәресте 3-4 кг, 50-55 см болып туылады, орта салмақты аналар үшін 10-14 кг қосу қалыпты саналады. 32 аптада бала туылатын жағдайға бейімделіп, яғни, басы төмен орналасады. 

Жалпы жүкті әйелдер тіркелмеген болса да, тұратын жеріне қарасты аумақтық емханаға есепке алынады. Жергілікті (телімдік) дәрігерге көрініп, акушер-гинекологқа есепке тұрады. Алдыңғы балалар шетінеген, түсік тасталған болса немесе қандай да бір гормондық, генетикалық үйлесімсіздіктің туындауынан секемденген жағдайда жоғары технологиялық мүмкіндіктері бар, жақсы жабдықталған арнайы мекемелерге қосымша қаралған артық емес. Жүктіліктің белгілі уақыттарында қажетті талдау, тесттер арқылы баланың жатырдағы даму барысын, проблемаларын бақылауға болады.

Ерте диагностика қай кезде де алдын алу шаралары үшін ең маңызды қадам болып табылады. Жүктілік мерзімі барысында әр кезеңде бір рет, яғни жүктіліктің қалыпты дамуы жағдайында дәрігердің шешімімен бас-аяғы 3 рет балаға ультрадыбыстық зерттеу жасату жеткілікті. Қаншалықты зиянсыз деп танылғанмен керексіз жасата беру де жөнсіз. 

Жүкті болған кезде жеке бас гигиенасын сақтаудың үлкен маңызы бар. Күнделікті душ немесе ванна өте пайдалы, өйткені ол жүкті әйелге бәсеңсуге және денесін әсіресе жыныс органдарын тазалықта ұстауға, мүмкіндік береді. Өте ыстық ваннаға түсуге болмайды, сондай-ақ бұл кезеңде ыстық моншаға барудан бас тарткан дұрыс. Жүкті әйелдің киімі мен аяқ киімі қолайлы және денесін, әсіресе кұрсақ көлемін қыспауы қажет. Бұл кезеңде емшек тартқышқа (бюсгальтерге) үлкен мән беріледі. Жайшылықта жүкті кезде әйелдердің кеудесі өседі, сондықтан емшек тартқыш емшектің көлеміне сай болуы керек. Жүктіліктің соңғы айларында жатырдың дұрыс жағдайын сақтау және құрсақтың алдыңғы қабатының қатты созылуының алдын алу үшін бандажды пайдалану ұсынылады. Бандажды дұрыс пайдалану туралы кеңесті дәрігерден алуға болады. 

Алғашқы 4-5 айда арнайы киімге қажеттілік болмағанмен, 5 айдан кейін киім тарыла бастайды. Жүкті әйелдің өзін жақсы сезінуі үшін арнайы, әдемі, жарасымды киім киуі керек. Жүкті әйелдің киімі белі жоғары әрі кең тігілген, кеудесі қыспайтын, қозғалысқа ыңғайлы болуы дұрыс. Матасы мақта, бөз секілді табиғи өнімдерден, яғни мүмкіндігінше, синтетикалық бұйымдарды қолданбаған жөн. Жүктіліктің қалыпты жағдайында барлық дәрігерлер жыныстық қатынастарға рұқсат береді. Бірақ, жүктілік мерзімі ұзарғанда іштің үлкендігі кейбір қолайсыздықтар туғызуы мүмкін. Бұл жөнінде дәрігермен кеңескен дұрыс. Жүктілік кезінде шамадан тыс шаршап-шалдықудың үлкен маңызы бар, ауыр салмақты көтеруге және алып жүруге, дененің сілкінуіне байланысты жұмысты атқаруға болмайды. 

:

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІРІҢҒАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ СаІІ-ОРТАЛЫҒЫ тел: 8(7242) 40 00 01 және 1304 Алтел/Теле2арқылы тегін

СаІІ-орталығының міндеттері: 
- Облыс тұрғындарына кез-келген медициналық анықтамалық және медициналық қызмет түрлері туралы сұрақтарына жауап беру;
- Жалпы медициналық көмектің сапасы жайында, арыз-шағымдар мен басқада медициналық өтініштерді тиісті мекемелерге телефон желісі арқылы жеткізу;