Амбулаториялық емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық ауруханасының мәжіліс залында 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай мекеменің кәсіподқ ұйымының төрайымы және мекеме қызметкерлерінің қатысуымен мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шараны бас дәрігер Ә.М.Бекбергенова ашып, барлық әйелдер қауымын мейрамдарымен құттықтап жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар кәсіподақ төрайымы Л.Елібаева барлық бөлімшелерге кәсіподақ атынан сыйлық ретінде гүл сыйға тартты және  бас дәрігер Ә.М.Бекбергеноваға, бас дәрігердің орынбасарлары А.У.маханбетоваға , И.Н.Орынбасароваға Общественное Объединение «Союз Ветеранов Чернобыля и Локальных Войн» РК бірлестігінің басшысы Р.З.Абдыкаримов атынан медальмен марапатталды. Осы бірлестіктің атынан мақтау қағазымен дәрігер невропатолог Қ.Ильясова және аудандық емхананың бас терапевті Ш.Утепбергенова марапатталды.  Мерекелік іс-шара ары қарай концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Корпоративтік басқару білімнің жинақталған саласын білдіреді, ол орыс терминологиясына аударылғанда бірнеше пәндерді қамтиды: қаржы, құқықтану, есеп, салық және т.б.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесі туралы ережені, Қадағалау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы.