Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне (24 наурыз) орайластырылған «Туберкулезбен күресте меніңде үлесімді қосуға Уақыт келді!» ұранымен аудан көлемінде 24 ақпан -24 наурыз аралығында айлық жарияланды. Осыған орай Жалағаш ауданы Аққұм және Жаңаталап елді мекендерінде кең көлемді акция ұйымдастырылып өткізілді. 
Акцияның негізгі мақсаты: туберкулездің жеке және қоғамдық алдын алу шаралары, туберкулездің алғашқы белгілері, туберкулездің жұқтыру қаупі мен ауыр салдары туралы халықты ақпараттандыру, өздерінің денсаулығыңа жауапты болуға үйрету;
Акцияға: ауыл әкімі, бас дәрігердің орынбасары, фтизиатр дәрігер, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы, Жастар денсаулығы мамандары қатысып, туберкулез ауруы туралы дәріс оқып, үнпарақтар таратылды. Акция барысында концерттік бағдарлама, флеш моб биі, көрініс қойылып, сұрақтарға жауап берілді.

Корпоративтік басқару білімнің жинақталған саласын білдіреді, ол орыс терминологиясына аударылғанда бірнеше пәндерді қамтиды: қаржы, құқықтану, есеп, салық және т.б.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесі туралы ережені, Қадағалау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы.