OT Family Doctor - шаблон joomla Продвижение
Сіз мындасыз: Басты бетБІЗ ТУРАЛЫАурухана туралы

Аурухана туралы

Мекеменің Мақсаты. Тұрғандардың сұранысына сай, тиімді әрі қол жетімді алғашқы медико-санитарлық,стационарлық көмек көрсету арқылы олардың денсаулығын сақтау.

Амбулаториялық-емханалық қызметі  Жалағаш аудандық орталық ауруханасының құрамында   1  аудандық  емхана ,   12-дәрігерлік емхана, 6-медициналық пункт, 2-фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 аудандық  аурухана 140 төсектік, 50-төсектік 5 ауылдық аурухана  халыққа медициналық қызмет көрсетеді. 

Жалағаш аудандық емхана мен Жалағаш аудандық орталық ауруханасы Қызылорда облысының әкімдігінің 23 қазан 2013 жылғы №333 «Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының қарамағындағы кейбір мемлекеттік кәсіпорындарды қосу жолымен қайта құру»туралы қаулысы бойынша біріктіріліп 2014 жылдың тамыздың 1-нен бастап халыққа қызмет көрсетіп келеді.    

Аталған    емдеу   мекемелерде   80   дәрігер, 433орта буын медицина қызметкер   жұмыс жасайды    және    олар    медициналық    қызметтің   18  түрі   бойынша  мамандандырылған    көмек   көрсетеді.

Денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық – алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту. Міндетті медициналық сақтандыру енгізу мәселесін зерттеген жөн. Мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі – медициналық қызметтің барлық жүйесінің басты қағидаты. Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу – аурудың алдын алудың негізі  демекші 2015 жылды4 желтоқсан айында Жалағаш аудан халқы мен медициналық қызметкерлеріне ауысымына 250 келушіге арналған типтік жобадағы емхана құрылысы бітіп ел игілігіне берілді.

  Амбулаториялық –емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық ауруханасының есіктері Сіздер мен Сіздердің жақындарыңыз үшін әрдайым ашық!

:

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІРІҢҒАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ СаІІ-ОРТАЛЫҒЫ тел: 8(7242) 40 00 01 және 1304 Алтел/Теле2арқылы тегін

СаІІ-орталығының міндеттері: 
- Облыс тұрғындарына кез-келген медициналық анықтамалық және медициналық қызмет түрлері туралы сұрақтарына жауап беру;
- Жалпы медициналық көмектің сапасы жайында, арыз-шағымдар мен басқада медициналық өтініштерді тиісті мекемелерге телефон желісі арқылы жеткізу;